71
ерік-жігердің
жақсы сапалары бол-
са, мейрімсіздік, қорқақтық, дүние-
қоңыздық, нәпсіқұмарлық т.б. адамның
ұнамсыз қасиеттері болып табылады.
Фараби таным мәселесінің түп қазы-
ғына келгенде
дуалистік көзқараста
болды. Мәселен, ол танымның бірін-
ші басқышы – түйсіктерді материа-
листерше түсіндіргенімен, ойлауға
келгенде жаңсақ түсінікке жол бере-
ді. Ол ойлау материядан тыс тұрған
ерекше рухани күштің әсерінен туып
отырады деп тұжырымдады. Ал, Фа-
рабидің түйсік,
қабылдау, қиял про-
цестерін сыртқы дүние заттары мен
құбылыстарының денедегі (жүйкеде-
гі), мидағы түрлі бейнелер деуі ғылы-
ми тұрғыдан өте байсалды түсінік еді.
Мәселен, көз айна тәріздес нәрсе, ол
сыртқы дүниенің сәулесі түсіп оты-
ратын алғашқы саңлау. Көру түйсігі
көзге зат әсер еткенде ғана пайда бо-
лады. Егер көзден зат кетсе, онда түй-
сік тумайды, құлақ ауадағы
тербе-
лістер әсер еткенде ғана естиді. Сезім
мүшелерінің қай-қайсысы да адамды
сыртқы дүниемен байланысқа түсіре-
тін аспап. Көру түйсігі көзден шық-
қан шырақтың нәтижесі, көзге зат әсер
етпей-ақ түйсік пайда болады дейтін
Платон пікірімен Фараби келіспейді.
Қараңғыда зат та, оның бояуы да анық
көрінбейді, көзге сырттан күшті әсер
келіп түскенде ғана адамда түйсік пай-
да болады, дейді Фараби. Ұлы ғұла-
ма жан қуатының басты-басты түрле-
ріне
сипаттама бере келіп, психоло-
гияның бұдан басқа да проблемалары
жөнінде сөз қозғайды.
Мәселен, ол психиканың қалайша да-
мып жетілгендігі жайлы мәселеге де
ерекше мән берген. Психика айрық-
ша сапада тұрған қасиет. Жануарлар
мен адамдардың тән құрылысының
өзгешелігіне
қарай олардың жан
қуаттары да өзгеше болады. Материал-
дық элементтердің қосылысынан (ыс-
тық, суық, дымқыл, құрғақ) жануар-
лар психикасы түзілген. Осы элемент-
тердің ең жоғарғы қосындысынан ба-
рып адам психикасы пайда болған.
Адам жаны дүниенің теңдесі жоқ туын-
дысы. Оның жануарлардан негізгі
айырмашылығы ақыл-парасатпен
сөйлей
алу қабілеті, өнермен айна-
лысуы, еңбек ете алуы. Бұл айтылған-
дарсыз адамның тәні де, жаны да ой-
дағыдай дамымайды.
Оның бала психикасының қалайша
дамып, жетілгендігі жөнінде де қыз-
ғылықты пікірлері көп. Баланың жасы
өскен сайын оның ақылы да, яғни
тәнімен бірге жаны да өсіп отырады.
Мұның бәрі оның тіршілік қажетінен
туындайды. Мәселен, балада ең алды-
мен өсіп-өну қуаты пайда болады. Бұл
оның дене бітімінің қалыптасуында
үлкен рөл атқарады. Алдымен, тән
түйсігі, кейіннен барып дәм, иіс айы-
ратын түйсіктері, заттың түрін, түсін,
пішінін түйсіне алу қабілеті пайда
болды. Адам психикасы негізінен өмір
барысында, оқу – тәрбие үстінде қа-
лыптасады.
Бұл жерде оның өз бетін-
ше әрекеттенуі, өзіндік белсенділік
қасиеттері де
оның өмірден алатын
тәжірибесінен туындайды. Адам дү-
ниеге ақылды, не ақылсыз, зұлым, не
ақ ниетті болып келмейді. Бала ой-
лау, сөйлеу қабілетіне туыстан бола-
тын икемділікпен ғана дүниеге келе-
ді. Оның осы пікірлері де қазіргі ғы-
лыми психология түйіндеген тұжы-
рымдармен ғажап үндеседі.
Фарабидің адамның әртүрлі дара өз-
гешеліктері туралы айтқан пікірлері
Достарыңызбен бөлісу: