Сабақтың тақырыбы: Өзендер Сабақтың мақсаты



Дата18.06.2017
өлшемі65,68 Kb.
#19312
түріСабақ
География 6 сынып. Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Өзендер
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Өзендерге,оның келіп шығуы, құрылымына сипаттама бере отырып, оның бүкіл табиғи орталықтағы және адамзат өміріндегі жалпы тіршілік үшін маңызын түсіндіру..
Дамытушылық: оқыту барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану оқушылардың бесенділігін, қызығуын арттыру, көпшілік алдында еркін сөйлеуге дағдыландыру,топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: сәйкестендіру тесті,орнын тап тапсырмасы,карточкамен жұмыс, географиялық диктант.Презентация.
Сабақтың көрнектілігі:Электронды оқулық, Қазақстанның физикалық карталары.6 сынып Атласы
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй жұмысын тексеру
1).Қызығушылықты ояту кезеңі.Оқушылар 4 топқа бөліп отырғызылады.
Өтілген тақырыптар бойынша: /Электронды тақтағда Гидросфера тақырыбы бойынша сұрақтар көрсетіледі./Сұрақтар жауабын білген топтағы бірінші оқушы жауап береді.Әр топ жетекшісіне өз тобындағы оқушылардың сабаққа қатынасы,белсенділігін бағалау кестесі беріледі.

1.Гидросфера деп нені айтады?/Жердің су қабығын/.

2Гидросфера қандай бөліктерден тұрады?\мұхит,теңіз,көл,өзен,тау мұздықтары,жер асты суы, батпақтықтар және атмосферадағы су буынан тұрады\

3.Жер шарындағы судың иелеп жатқан ауданы?\361млн.км2\

4.Жер шарындағы ең үлкен мұхит?\Тынық\

5.Тынық мұхитының ауданы\180млн.км2\

6.Мұхиттардағы ең терең шұңғыма\Мариан-11022м,Тынық мұхиты\

7.Атлант мұхитының ауданы?\92млн.км2\

8.Көлемі бойынша 3 орында тұратын мұхит?\Үнді-75млн.км2\

9.Ең суық мұхит?\Солтүстік мұзды мұхит-14млн.км2\

10.Теңіздер қалай бөлінеді?\Ішкі және сыртқы\

11.Мұхиттағы ең кең бұғаз?\Дрейк\

12.Мұхит суы неше градуста тоңдайды?\-2 градуста\

13.Мұхит суының тұздылығы немен өлшенеді?\промилмен\

14.Мұхит суларының орташа тұздылығы неше промилл\35 промилл\

15. Жылы және суық ағыстарды ата?\Гольфстрим,Лабрадор\

2.Аустралия материгі жайлы мәліметтерді еске түсіру.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1).Қызығушылықты ояту кезеңі.

1.Оқушыларға ой тастау:Тақтада жұмбақ сөздің жауабын табу.Құрылық суларының ішінде ең маңыздысы,ауыл шаруашылығы үшін өте қажет,географиялық карталарда ирек көк сызықтармен белгіленетін табиғаттың бір бөлігі.\Бұл өзендер\ .

2. Мағынаны тану кезеңі. Оқушыларға электронды оқулықтан мәліметтер беру..

/Электронды тақтада өзеннің анықтамасы түсіндіріледі және интерактивті 26,27 тапсырмалар орындалады.

Жаңа сабақтың жоспары:
1. Өзендер. Өзендердің құрылымы. Өзеннің сумен молығыуы.
/Мұнда әрбір топ оқулықты және карточкаларды пайдалана отырып тапсырмаларды орындайды және терминдерге анықтама береді.

Тапсырма №1.Мұнда әрбір топқа төмендегі термин сөздерге анықтама беру тапсырылады.\Бұл тапсырманы орындауға 7 минут уақыт беріледі.\

жазық өзен тау өзені


Ө з е н

бастауы саласы сағасы
Тапсырма №2 Төмендегі термин сөздерге анықтама беру.

Ө з е н

атырау аңғар арна жайылма


Тапсырма №3 Төмендегі термин сөздерге анықтама беру.

Ө з е н

жоғарғы ағыс орта ағыс төменгі ағыс



Тапсырма №4 Төмендегі термин сөздерге анықтама беру.
Ө з е н

өзен жүйесі суайрықтар

өзен алабы өзен режимі

 IY. Cабақты бекіту кезеңі

Оқушыларға өзендер тақырыбында электронды түрде сұрақтар беріледі:\Әр бір топқа 5 сұрақтан\
1. Өзендер нешеге бөлінеді?\2-ге.таулықжәне жазықтық\
2. Өзеннің жылғалары қосылып басталар жері?\Бастауы\
3. Өзенге қосылатын тармақтар?\Салалары\
4. Өзеннің құяр жері?\Сағасы\

5.Өзен ағысы бойлап нешеге бөлікке бөлінеді?\3-ке.Жоғарғы,орта,төменгі ағыстар\

6.Өзен алабы деген не?Барлық сулары ағып келетін жері\

7.Өзен алаптарын не бөліп тұрады?\Суайрықтар,таулар,жоталар\

8.Өзендер қандай сулармен қоректенеді?\Жауын,қар,жер асты суларымен\

9.Еліміздегі қандай ірі өзендерді білесіңдер?\Ертіс,Есіл,Тобыл,Жайық,Сырдрья,Шу,Іле\


 Y.Шығармашылық жұмыс



1) Карточкалармен жұмыс.
Тапсырма№1. «Орнын тап» тапсырмасы.Әрбір топқа карточкалар беріледі.Оқушылар бірігіп орындаулары тйіс.

Гидросфера

 

1. Жердің су қабығы.



2. Дүние жүзіндегі ең үлкен  мұхит.

3. Дүниежүзілік мұхит бөліктері.

4. Мұхит суының тұздылығының өлшем  бірлігі.

5. Теңіздің түбіндегі  жер  сілкінуден  пайда  болатын толқын.

6. Мұхит пен теңіз суының  зор  көлемде  бір  жерден екінші  жерге ауысып   тұруы.

7. Дүниежүзілік мұхиттағы ең  терең  шұңғыма.

8. Өзеннің  бастауынан  сағасына дейінгі кең, ұзын ойыс .

9. Өзеннің өзенге, көлге теңізге, құятын жері.

10. Өзеннің барлық салаларымен жиынтығы.

11. Жер бетінің  өзенге су жиналатын  бөлігі.

12. Жер  шарындағы ең биік  сарқырама.

13. Өзендегі су деңгейінің кенет көтерілуі.

14. Жер бетіндегі суға толған табиғи  ойыс.

15. Дүние  жүзіндегі ең ірі көл.

16. Жер қыртысының жоғарғы  бөлігіндегі сулар.

17. Жердің терең  қабатындағы  қысымды су.

18. Құрамында еріген   заттар мен газдар  кездесетін жер асты суы.

19. Мұхиттар мен теңіздерде  қалқып  жүретін мұзтаулар.

20. Жасанды су қоймасы.

 

      Жауаптың нұсқалары:



1. Тынық мұхиты 

2. Саға 


3. Гидросфера

4. Цунами 

5. Мұхит ағысы

6. Өзен аңғары

7. Промилле

8. Мариан шұңғымасы

9. Анхель сарқырамасы 1054 м

10. Көл


11. Тасқын

12. Өзен жүйесі 

13. Теңіздер, шығанақтар, бұғаздар

14. Минералды су

15. Артезиан суы

16. Бөген 

17. Айсберг

18. Өзен алабы

19. Каспий теңізі

20. Жер асты сулары 

      

 

Дұрыс жауабы: 1-3; 2-1; 3-13; 4-7; 5-4; 6-5; 7-8; 8-6; 9-2; 10-12; 11-18; 12-9; 



      13- 11; 14-10; 15-19; 16-20; 17-15; 18-14; 19-17;20-16.

 

Тапсырма№3.Әрбір топ карта және атласты пайдалана отырып қалауы бойынша еліміздегі бір өзенге анықтама береді. Презентация\қорғау\


VI. Сабақты қорытындылау
VII.Бағалау. Әрбір топ басшысы берілген бағалау парақтарына бүгінгі сабақта әрбір оқушы бір-біріне бағалар қояды.Мұғалім бағаларды жариялап журналға қояды.


VIII.Үйге тапсырма
:

  1. Оқулықпен жұмыс.

  2. Картамен жұмыс. Кескін картаға еліміздегі ірі өзендерді түсіру.

  3. «Қазақстан өзендері» тақырыбында презентация жасау



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет