Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет79/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ӘДЕП ЖӘНЕ ЖАНТАНУ
– ел 
тәуелсіздігінің алғашқы жылдарын-
да орта мектеп оқушылары үшін жа-
зылған төлтума тұңғыш оқу құралы. 
Мұнда жантану (психология) және
әдептану ғылымдарының мәселеле-
рі қазақ халқының ұлттық ерекше-
ліктеріне орай баяндалған. Авторла-
ры профессор Қ.Жарықбаев пен Ә.Та-
былдиев. Кітап 1994 жылы «Атамұ-
ра» баспасынан 100 000 тиражбен шы-
ғарылған. 1996 жылы баспа оның
«Хрестоматиясын» тағыда 100 мың
таралыммен жарыққа шығарды. Оқу 
құралы 2000 жылы психологиялық 
мәселелерді қазақ мектеп оқушыла-
рының түсініктеріне ылайықтап «Жан-
тануға кіріспе» деген атаумен оқу 
құралы жарияланды (авторлары Қ.Жа-
рықбаев пен Ө.Озғанбаев). Оның 
ӘДЕП
ӘДЕП


79
«Хрестоматиясы» 2005 жылы «Да-
рын» баспасы арқылы жарық көрді. 
Соңғы оқу құралының орыс тіліндегі 
нұсқасы 1997 жылы «Рауан» баспасы-
нан 108 мың тиражбен шықты.
ӘДЕПТІЛІК –
халқымыздың ұлт-
тық психологиясының өзегі, иман-
дылық пен адамгершіліктің басты 
белгісі, оның ғасырлар бойы қалып-
тасқан қоғамдық санасының прак-
тикалық көрінісі, барлық кісілік қа-
сиеттердің жиынтығы. Әрине, «Тауы-
на қарай аңы, заманына қарай за-
ңы», «Әр елдің салты басқа, иті қа-
ра қасқа» дегендей, әдептіліктің әр
елде тарихи, әлеуметтік өзіндік ерек-
шеліктері де болғандығы белгілі. Ал, 
қазақ халқының әдеп сақтау дәстүрі 
ешбір тапты, ұлтты, нәсіл мен жы-
ныс айырмашылықтарын алаламай-
ды. Онда релятивизм, абсолютизм, 
антитеза дегендер кездеспейді. Әдеп 
сақтау отбасында, ауыл-аймақ, ел-
жұртта қалыптасқан мінез-құлық нор-
маларын бұзбауға міндеттейді. Мұны 
бұзған адамға қауымдастық атынан 
сол ұжымның өкілі өз пікірін айтуға, 
тіпті тыйым салуға да ерікті, өйткені 
әдеп сақтау 

әлеуметтік дәстүр. Әдеп 
сақтаудың экологиялық астары да 
бар.
Әдепті адам табиғаттың досы, оны
қызғыштай қорғай да біледі. Таби-
ғаттың әсемдігі мен сұлулығына, әде-
мілігіне әрбір адам зиян келтірмеуге 
тиіс. Мәселен, суды ластау, талды ке-
су, қайнардың көзін ашпау, жолдағы 
тасты алып тастамау, көкті жұлу, ақ-
қуды ату, құдыққа түкіру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет