Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет81/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ӘДІСНАМА
(грек. 
methodos 
– 
зерттеу жолы, теория және logos 

ілім
)
 – 
1) ғылыми таным әдісі; 2) ғы-
лымда қолданылатын негізгі прин-
циптер. Психология теориясына ла-
йықты танымның ұстанымы, әдісі, 
нысаны мен таным амалдары арқы-
лы психологиялық болмысты өзгеріс-
ке түсіру. Зерттеуші психологтың нә-
тижеге жетуі оның ғылыми құрал-
жабдықтармен қарулануымен қатар, 
түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан 
таңдап алуына байланысты; 3) дү-
ниенің, қоғамның объективтік заңды-
лықтары мен құбылыстарын практи-
ка және теория игертуге және өзгер-
туге бағытталған таным принципте-
рінің жиынтығы.
Ә. – әдістер туралы ілім, әдістер 
теориясы, зерттеліп отырған объек-
ті жөніндегі мәліметтерді және жа-
ңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдері-
нің жүйесі. Ғылыми әдістің негізгі 
мақсаты – объективтік ақиқатты ашу.
Зерттеудің нәтижесі де, оған апара-
тын жол да, әдіс те ақиқат болуы 
қажет. Ә-ның негізінде белгілі бір 
ӘДІС
ӘДІС


81
білімдер (ұғымдар, заңдылықтар) 
жүйесі жатады. Ә-ның ақиқаттығы 
оның негізінде жатқан теорияның 
ақиқаттығына байланысты. Ғылыми 
әдіснаманың дұрыс құрылған теория-
ға негізделгендіктен, қате болуы мүм-
кін емес. Дегенмен, объектіні тану 
кезінде әдіснаманы қолдануда қате-
лік болуы мүмкін. Әдіс пәннің ерек-
шелігі арқылы анықталғанымен, 
олар бір-бірімен қарама-қарсылықта 
болады. Пән мен әдістің бірлігі қа-
рама-қайшылықтардың бірлігі болып 
табылады. Әдіс зерттелетін пәннің 
ішкі заңдылықтарын біртіндеп қарау
арқылы ғана ашады. Әдіс пен пәннің 
толық сәйкес келуі субъекттің объект-
ке біртіндеп жақындауы нәтижесін-
де болуы мүмкін. Ә. ғылыми-таным-
дық іс-әрекеттің формасы мен әдіс-
тері, әдістемелер бірлігі мен байла-
нысының теориялық негіздеулері ту-
ралы ілім. Ғылым әдіснамасы зерт-
теу компоненттеріне (объектке, затқа, 
мақсатқа және зерттеу мәселелеріне) 
сипаттама береді және зерттеу мәсе-
лелерін шешу үрдісіндегі алдағы 
әрекеттер туралы түсінікті қалып-
тастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет