Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет83/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ӘДІС
ӘзІЛ


82
тін, жәй жағдайда елене бермейтін
түймедейден түйедейді көре алатын, 
«сөз тапқанға қолқа жоқты» өзіне 
ұстаным еткен, біреуді сынап-мінеу-
ге құмар (бірақ тәлкек етпейтін) адам-
дарға жарасып тұрады. Өмірдегі әр 
нәрсені іліп-шалып, шын ниетпен
көңілге ауыр тимейтін әдемі «әзіл-
оспақ» ретінде жүзеге асып отыра-
ды. Дегенмен әзіл-қалжыңның уыт-
ты, кісіні шымшитын, Ахмет Байтұр-
сынов айтқандай аямай шағып ала-
тын түрлері де болады, бірақ бұлар-
дың қайсысы болмасын көңілге қаяу
түсірмейтіндей болғаны абзал. Қал-
жыңның мұндай түрлері юмор деп 
аталады. Соңғысы, сезім-эмоцияның 
молдығын, тапқырлықты қажет етеді, 
ақыл-ойдың, білгірліктің жемісі әзіл-
оспақтың қарапайым түрлер құрбы-
құрдас, жезде мен балдыз, жеңге мен 
қайын, құда мен құдаша арасында 
айтыла береді. Сондай-ақ ол отбасы, 
ошақ қасы, той-томалақ секілді түрлі 
отырыстарда да орын алып жатады. 
Сайып келгенде әзіл-оспақ негізінен 
сөз қағыстыруды әдетке айналдырған 
адамдар арасында өріс алып отырады. 
Бірақ дана халқымыз жас ұрпаққа 
«Әзілің жарасса атаңмен ойна» деп 
әзіл-оспақты кек тұтпай, әркез қолдап 
отырған.
ӘЙТЕКЕ БИ БАЙБЕКҰЛЫ (1644-
1700). 
Кіші жүздің ұлы биі. Оның
 
психологиялық түйіндерінде адам-
ның ақыл-ой ерекшеліктері, тұлға-
лық қасиеттері, мінез ерекшеліктері 
әр қырынан сөз болады. Мәселен, 
ол «Ақыл деген – дария», «Ашу бар
жерде ақыл тұрмайды», «Ашу де-
ген – ағын су» т.б. сондай-ақ, адам-
ның жеке қасиеттері, туыстық қа-
рым-қатынас қасиеттері, («Кісі бірге 
туыспау керек, туысқан соң сөз қуыс-
пау керек», «Сөз қуған пәлеге жолы-
ғады» т.б.) имандылық, адамгерші-
лік, қайырымдылық мәселелерін қоз-
ғайды («Бай болсаң халқыңа пайдаң 
тисін, батыр болсаң дұшпанға найзаң 
тисін, бай болып елге пайдаң тимесе, 
батыр болып найзаң дұшпанға тимесе, 
жұрттан ала бөтен үйің күйсін» т.б.). 
Әйтеке би жігіттердің жақсы жаман 
қасиеттері туралы да сындарлы пікір 
айтқан. «Жігіттің жақсысы дұрыс 
сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне 
тоқтата білген».
ӘЛЕУМЕТТЕНУ
– индивидтің қа-
рым-қатынасы мен іс-әрекеті бары-
сында жүзеге асатын процесс және 
оның әлеуметтік тәжірибені игеруі-
нің нәтижесі. Ә. кейбірде қоғамдағы 
әртүрлі бағыттағы факторлар сипа-
тына ие болатын әртүрлі өмірлік жағ-
даяттардың тұлғаға стихиялық ықпа-
лы ретінде де, сондай-ақ арнайы тәр-
бие жұмыстарын жүргізу жағдайын-
да да пайда болуы мүмкін.
Тәрбие әлеуметтенудің жетекші әрі 
айқындаушы негізі болып табылады. 
Ә. ұғымы 40-50 жылдары А.Бандура, 
Дж.Кольман және т.б. еңбектері 
арқылы әлеуметтік психологияға ен-
ген. Әртүрлі ғылыми мектептерде Ә.
ұғымы әртүрлі талғамға ие болды. 
Мыс., ол необихевиоризмде әлеумет-
тік ілім ретінде түсіндірілетін бол-
са, символикалық интеракционизм 
мектебінде – әлеуметтік өзара әрекет-
тестіктің нәтижесі саналады; гума-
нистік психологияда – Мен тұжы-
рымдамасының өзіндік танылуы (ак-
туализациясы) ретінде қабылданады. 
Ә. құбылысы көп аспектілі және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет