85
өзара
және мұғаліммен қарым-қа-
тынастарының қалыптасу заңдылық-
тарын білу сынып ұжымының топ-
тасуына себептеседі. Мұғалімнің
бұл білімдерді меңгеруі ол үшін тәр-
биелік әсер-ықпалдың нәтижелілігін
арттырудың
маңызды резерві бо-
лады. Бұл мәселелерді шешу мұға-
лімнің әлеуметтік-психологиялық
даярлығын күшейтеді, соның ішінде
педагогикалық
институттарда тиісті
курстар енгізуді талап етеді. Алайда
мектепте жүйелі әлеуметтік-психо-
логиялық зерттеулер жүргізу жөнін-
дегі жұмыс Ә.п.-ның басқа да қол-
данбалы
салаларындағы секілді ар-
наулы әлеуметтік-психологиялық қыз-
мет ұйымдастыруды талап етеді.
Оның міндетіне еңбек және оқу ұжым-
дарындағы жағдайды диагностика-
лау, әр алуан әлеуметтік-психология-
лық проблемалар бойынша ұжым
басшылары мен мүшелеріне ақыл-
кеңес беру және ең бастысы, әртүрлі
буын
басшыларына қарым-қатынас
мәдениетін білгізу қамтылады.
Осы мақсатпен Ә.п-да белсенді
әлеуметтік-психологиялық дайын-
дықтың,
соның ішінде әлеуметтік-
психологиялық машықтанудың (тре-
нингтің) арнаулы бағдарламалары
жасалынды. Әлеуметтік-психология-
лық тренинг – адамдардағы психоло-
гиялық сипаттағы мәселелерді жою,
қылықты түзеп немесе денсаулығын
жақсарту үшін оларға психотерапев-
тік немесе психокоррекциялық әсер
ету практикасы мен теориясы.
ӘЛЕУМЕТТІК ТАПТАУРЫН
(СТЕРЕОТИП)
– жеке тәжірибе
мен қоғамда қабылданған түсінік-
терді жалпылау нәтижесі ретіндегі
ақпараттың жетіспеушілігі жағдайын-
да қалыптасатын
әлеуметтік объек-
тілердің – топ, адам, оқиға, құбылыс
және т.б. – салыстырмалы тұрақты
және қарапайым бейнесі. Ә.т. тер-
мині американдық журналист У.Лип-
ман тарапынан 1922 жылы енгізілген.
Ә.т. адамның дүниені бағалауында
алатын рөлі зор, себебі ол өзгермелі
ақиқатқа
жауап қайтару уақытын
қысқартып, таным процесін жылдам-
датады. Алайда, шектелген ақпарат
жағдайында пайда болып, Ә.т. жал-
ған болуы мүмкін және адамдар жө-
нінде қате
білімдер мен пікірлерді
қалыптастырып, тұлғааралық өзара
әрекеттестікті, қарым-қатынасты бұ-
зады, осылайша консервативтік, реак-
циялық рөлді ойнайды.
Достарыңызбен бөлісу: