86
хологиясының жас және дара ерек-
шеліктері жайлы сөз қозғалады, осы
салада жүргізген эксперименттік зерт-
теулердің нәтижесін оқырман наза-
рына ұсынады. Мәселен, мектеп оқу-
шыларының
ойлау саласында жеке-
дара ерекшеліктері жайлы былай
дейді: «...бір оқушы өте шапшаң ой-
ланып, сұраққа тез жауап береді, тез-
деп жауап бермесе де, жайлап барып
айтса да түбінде жауапты терең жә-
не дұрыс беруінде сөз жоқ».
Ш.Әлжанов бұл жерде түрлі тем-
пераментке жататын шәкірттердің
өзіндік, жеке-дара психологиясы жай-
лы сөз қозғап отыр. Әрине, оның
психологиялық көзқарастарында, сол
кездегі ғылым
деңгейінің жағдайы-
нан да болар, кейбір жаңсақ пікірлер
де кездеседі. Мәселен, ол 11-12 жас-
тағы шәкірттердің есі жаттанды (ме-
ханикалық) түрде көрінеді дейді, олар
түрлі өмір құбылыстарын,
көрген-
білгендерін, естігендерін сырттай жа-
лаң еске тұтады, мағынасына мән
беріп жатпайды.
Осыған орай дерексіз, абстрактілі
ұғымдарды түсінуге
олардың шама-
сы жете бермейді, құбылыстың мән-
мағынасына түсіну, терең ойлану,
логикалық есте сақтау кейінірек қа-
лыптасады дейді. Әрине, мұндай тұ-
жырымдар ол кездері жалғыз Ш.Әл-
жановтың басында ғана болған жоқ.
Тіпті белгілі психологтар П.П.Блон-
ский мен Л.С.Выготскийлер де сон-
дай жаңсақ пікірлердің шырмауын-
да болғаны белгілі.
Мәселен, П.П.Блонский оқушылар-
дың сабақ үлгермеуі тұқым қуалау-
шылыққа
байланысты, мұнда оқу-
шылардың ата-анасының дене бітімі,
ақыл-ойы кеміс, яғни кемақыл, тіпті
оның денесінің салмағы да жеңіл,
бойы аласа, кеудесі қушық болып ке-
леді деп қате тұжырымдаған еді.
Ал бастауыш класс оқушыларында
абстрактылы ойлау, мағыналы ес-
те сақтау процестерінің орын алаты-
нын 70-жылдардың
басында Кеңес
психологтары профессор Д.Б.Элько-
нин, В.В.Давыдовтар эксперимент
жүзінде дәлелдеген болатын.
Ғалым психологиялық мәселелерді
өз еңбектерінің қай қайсысында бол-
масын кең пайдаланып отырған. Мә-
селен, оның «Оқу кітабы – комму-
нистік тәрбие беру жөніндегі» (По-
литехникалық мектеп, 1933, N4), «Эс-
тетикалық тәрбие негіздері» («Ауыл
мұғалімі», 1933, N4), т.б. мақалала-
рында
жалпы психологияның көп-
теген теориялық қисындары жеке-
леген терминдік сөздер біршама сөз
болады. Ш.Әлжановтың психология-
ға байланысты көзқарастары кезінде
психолог С.Балаубаевпен бірлесіп
профессор А.Б.Залкиндтің «Психо-
логия» атты оқулығын аударған ке-
зінде психологиялық терминдердің
мазмұнынан жақсы байқалады. Күні
бүгінге дейін өз құнын жоймаған осы
қолжазба
Қазақстан Республикасы
Орталық мемлекеттік архивінің қо-
рында сақтаулы тұр.
Педагог-ғалым тәлім-тәрбие тарихы-
нан да бірнеше еңбектер жазды. Бұ-
лардың қатарына әлемдік педагогика
ғылымының классигі Я.А.Коменский,
сондай-ақ қазақтың ұлы ойшыл-
ақыны Абай Құнанбаев туралы жаз-
ған мақалаларын жатқызуға болады.
Оның «Абайдың педагогика туралы
көзқарасы» («Әдебиет майданы»,
1934, N4) атты мақаласы кезінде жұрт
шылық назарына түскен еді. Өнер
Достарыңызбен бөлісу: