Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет95/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

БАБА
БАБА


94
таншақ, ұрыншақ адамдарды масқа-
ра тәлкек етіп әжуалайды. Дулат осын-
дай жан дүниесі қораш, өзіне де, өзге-
ге де опа бермей жүргендерге бар 
ақылын айтып, олардың жаман қы-
лықтарына реніш білдіреді: 
Ар са- 
тып қымыз ішкенше,Үлгісіз тымақ 
пішкенше, Адам деген атақтан, Сада- 
ға болып аулақ кет.
Дулат адам мі-
незінің сан алуан жақсы-жаман жақта-
ры жайлы айта келіп, көбінде нашар 
адамдардың теріс мінезін тәлкек қы-
лу арқылы жұртты бұдан жиренді-
ріп, жаман әдеттен сақтандырып оты-
рады. Мәселен: 
Қаққанша қабақ 
бұлтылдап, Келемеж қылып біреуді, 
Сыртынан күліп шылтыңдап, Бетпе-
бет келсе сөз таппай, Самайы тер- 
леп мыңқылдап...
деп ақын жалған 
сөйлеуді, біреудің сыртынан сөз ай-
туды, адамдық атқа кір келтіретін жа-
ман мінез деп түйеді.
Дулат сөз өнеріне, шешендік, суы-
рыпсалмалыққа айрықша көңіл бө-
ліп, сөз құдіретін терең түсініп, оның
мәнділігі мен айқындылығына, түйін-
ділігі мен әсерлілігіне ерекше мән 
берген ақын: Сөз жібек жіп, жыр кес-
те, Айшығы айқын көрінбес... Сөз-
дің шашыраңқы болуы ойдың ша-
шыраңқы, мазмұнсыз болуына алып
келеді, ал ойсыздықтан асқан биша-
ралық жоқ, деп түйеді ақын өз ойын. 
Дулат сөзді адамның жан жүйесіне 
әсер ететін құдіретті күш деп қарай-
ды, сөз, әсіресе, кісінің көңіл күйіне 
мықтап әсер ететіндігін айтады: Ше-
шендіктің сәні жоқ, Сөзіне сүттей ел 
ұйып, Қолтығына ел сиып, Басына 
бақыт қонбаса, деп ақын елді ұйытар, 
халыққа әсерлі үлгі көрсетер өткір 
шынды, шешендік пен көсемдікті топ 
жарған ақылды адамның қасиеті деп 
санайды.
Педагогикалық тұрғыдан Дулаттың 
«Еспенбет» деп аталатын көлемді 
дастаны да көңіл аударарлықтай. Ес-
пенбет образында ақын жай алып 
күштің иесін ғана көрсетпей, әрі ақыл-
ды, әрі ақжүрек, кішіпейіл, көптің 
мұңын өз мүддесінен жоғары қоятын 
адамның психологиясын көрсетпек-
ші болады. Дулаттың ұғымында Ес-
пенбет атадан «ерекше туған», «тіл 
біткеннің шешені», барша жұртқа 
үлгілі адам, жауға шапса батыр, елі 
үшін қабырғасы қайысып, еңіреген 
ер. Осындай ерді өсіріп, тәрбиелеп 
шығарған халық, ел-жұрт, туған жер 
екендігін айта келіп, ақын жастарға 
не де болсаң еліңмен, жұртыңмен бір-
ге бол дейді. Кір жуып, кіндік кескен 
жерін қастерлемей, халқынан тыс өмір
сүрген жігітке бақыт та, бақ та жола-
майды деген идея «Еспенбет» жы-
рының негізгі өзегі.
Ер қолынан іс келмес, Сұңқардайын 
түйілмей. Буынып белін бекінбей
Зердесі жігер қайнамай... Жігерім 
болса жетем де, Еліме барып ұл бо-
лам. Жігерсіз болсам жетесіз, Қойын 
жайып құл болам...Бұл жолдарда 
ақын ерік-жігер, қажыр-қайраттың 
жас адамдар үшін аса қажеттілігіне 
тоқталады. Жігерлілік – адамның ал-
ға қойған мақсатына жетуде бірден-
бір қажет болатын сипат екенін, он-
сыз ойға алған ісінің ойдағыдай ше-
шілуі мүмкін еместігін, ерік-жігері 
жетілмеген адамның әлсіз болатын-
дығын айтады; «буынып белді бе-
кінбей», «сұңқардайын түйілмей», 
«жігер қайнамай» ер жігіттің еш уа-
қытта арманы орындалмайды деп 
байсалды қорытынды жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет