Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет97/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

БАҒДАРЛАУ РЕФЛЕКСІ
– ми жұ-
мыс мүшелеріне хабар жіберіп қана 
қоймай, ол өзінің жолдаған хабары-
нан мағлұмат алып та отырады. Осын-
дай екі жақтан хабарлаудың арқасын-
да ғана ми айналасындағы құбылыс-
тар туралы дұрыс мәлімет алып, нақ-
тылы мұқтажын өтеуге өз әрекетін 
бағыттай алады. И.П.Павлов бұл реф-
лексті: «Бұл не?» деп атады. Б.р. –
ағзаның жаңа жағдайлар мен олар-
дың өзгеруіне деген күрделі психо-
физиологиялық реакциясы. Б.р. сен-
сорлы жүйелерді белсендіргенде, 
зейінді шоғырландырғанда, анали-
заторлардың жоғары сезгіштіктерін-
де, ағзаның қимыл-қозғалысын үдет-
кенде көрінеді.
БАзАР
ЖЫРАУ
(1842-1911). 
Бұ-
рынғы Сырдария облысы, Қазалы уе-
зі, Көшербай болысының 6-ауылын-
да (қазіргі Қызылорда облысы, Қармақ-
шы ауданы, Ленин ауыл кеңесі) ке-
дей отбасында дүниеге келген. Есін 
білгеннен бастап он алты жасқа ше-
БАҒД
БАзА


96
йін байдың қойын бағады. Бозбала 
шағынан бастап бар ықласын, талап-
тілеген ақындық өнер жолына ба-
ғыштайды. Бұқара халықтың мұң-
мұқтажын көксеп жырлағаны үшін 
үстем тап өкілдерінің қудалауына ұшы-
райды. Қазалы мен Үргеніштің түр-
мелеріне де түседі. Өзі тұстас әйгілі 
сөз зергерлерінің (Шернияз, Мұсабай, 
Нысанбай, Ешнияз, Бұдабай, т.б.) үл-
гісімен өз өнерін әрмен қарай өріс-
тете, шыңдай түседі. Толғау, сөз саптау
ерекшелігіне қарағанда Базар жырау 
Бұқар мен Махамбет мектебіне көбі-
рек еліктегенге ұқсайды. Тілі шешен, 
жалпы көпшілікке түсінікті, өмір шын-
дығынан туған тебіреніс-толғаныста-
ры мол. Жырау шығармаларында жас 
жеткіншектерге үлгі-боларлықтай тә-
лімдік тұжырымдар да көптеп кез-
деседі. Бұларда шешендік өнерге 
жетілу, жақсы мен жаман адамның 
айырмасы, жігіттіктің, кісіліктің өл-
шемі, достықты қастерлеу, ғашықтық 
пен жар сүюдің мәселелері әрі тар-
тымды, психологиялық жағынан на-
нымды баяндалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет