103
құрметтеуі
ерекше атап өтуді қажет
ететін жайт. Автор билеу жүйесін
тәртіпке түсіру, елдің бейбіт өмір
сүруі жөнінде қам жеу – бұл бәрінен
бұрын халық игілігі үшін қызмет ету
деп дұрыс тұжырымдайды. «Семсер
мемлекетті ұлғайтып, оның билеуші-
сі алдында бас июшілерді көбейтсе,
қалам мемлекетті нығайтып, оның
билеу жүйесін ретке келтіреді, яғни
мемлекеттік аппараттың қызметі ат-
қа мінген мың сан нөкерден кем түс-
пейді», дейді Баласағұндық Жүсіп.
Дастанның оқырман көңілін ерекше
аударатын тағы бір ерекшелігі – мұн-
да адам психологиясының түрлі жақ-
тарын
көрсететін қызғылықты де-
ректердің (кісінің көңіл күйі, қайғы-
қасіреті, қуаныш-сүйініші т.б.) мол-
дығы. Мәселен, автор бұл жерде жан-
ға шипа тек тәуіптің дәрісі ғана емес,
қасындағы жора-жолдас, көрші-қон-
сың, құрбы-құрдасың, әріректе бұған
әлеумет пен қоғамның да әсері тиіп
отыратындығын айтады. «Құдатғу
біліктің» енді бір көңіл аударарлық
жері – мұнда сол кездегі ғылым са-
лаларынан біраз мағлұмат берілетін-
дігі.
Бұл жөнінде кеңес тюркологі
А.Валитова былай дейді: «Құдатғу
білік» авторының медициналық әде-
биеттерден мол хабары барлығы бай-
қалады. Ол, әсіресе, ибн Сина мен
Орта Азияның басқа да көптеген ға-
лымдарының, дәрігерлерінің ғылы-
ми қағидаларымен жете таныс бол-
ған. Мәселен, дастанда дүниені құ-
райтын төрт түрлі
элемент жайлы,
адам темпераменттері туралы, ден-
саулық сақтау жөнінде, ауру, сыр-
қаттану және оның себептері, бұ-
лардың адамның жас ерекшелігіне,
ауа райына тәуелділігі, тамақта-
нудың гигиенасы, ауру адамды ем-
деудің тәсілдері
т.б. мәселелер әр
қырынан сөз болған. Аталмыш дас-
таннан адамдарды тәрбиелеу мем-
лекеттің
негізгі міндеттерінің бірі,
зұлымдық-әлеуметтік ауру, оны тәр-
бие арқылы жоюға болады, адамдар-
дың қылықтары мен қасиеттерін же-
тілдіре берсе, қоғамды да, мемлекет-
ті де жақсартуға болады дейтін белгі-
лі идея аңғарылады.
Баласағұндық Жүсіптің философия-
лық қисынын сөз еткенде ежелгі грек-
тер мен әл-Фараби, ибн-Синалар ілі-
міне теориялық арқау болған бүкіл
әлемдік үйлесімдік теориясы еріксіз
еске түседі. Әлем төрт түрлі элемент-
тен (жер, су, ауа, от) құралған, бұлар-
дың пропорциясы дүниедегі заттар-
ды бір-бірімен үйлестіріп тұрады дей-
тін концепцияға ұқсас жайттарды
осы дастаннан да көптеп кездестіру-
ге болады. Автордың түсінігінше,
осы айтылған үйлесімділік
қоғам-
дық – әлеуметтік жағдайлардан да
орын алады. Мәселен, ел билеуші-
ден әділет, дәулет, қанағат, парасат
сияқты төрт қасиет түгел табылса, он-
да мұндай басшысы бар елдің қойы-
ның үстіне боз торғай жұмыртқалай-
ды. Осы
төрт қасиеттің бір-бірімен
тығыз байланысып жатқаны абзал.
Мәселен, ел билеушісінің халыққа
әділдігі тек барша жұртты ғана ба-
қытқа жеткізбейді, ол, сонымен бір-
ге патшаның өзін де бақытты етеді,
өйткені осы ісімен ол атын бүкіл
әлемге жаяды, халықты бақытқа бө-
лейді. Білім мен ақыл әділеттілікке
қосақтаса жүруі тиіс, бұларсыз әділ
заң шығаруға болмайды. Ақыл адам-
ның қанағатын да реттеп отырады.
Мәселен, адамның азға қанағат етуі,
Достарыңызбен бөлісу: