Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет103/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

БАЛА СөзІНІҢ АЛҒАШ ҚА-
 
ЛЫПТАСУЫ
– баланың сөйлеуге 
қажетті мидағы орталығы ана құр-
сағында жатқанда-ақ қалыптаса бас-
тайды. Ол анасының сөйлеу реак-
цияларын есту анализаторы арқылы 
қабылдайды да жарық дүниеге кел-
геннен кейін бұл реакциялар алғаш-
қы үн – іңгәлаумен жалғасады. Бұл 
жерде ата-анасының ана тілінде, не
басқа тілде сөйлеуінің үлкен маңы-
зы бар. Олар қай тілде сөйлесе бала-
ның алғашқы үні де, іңгәсі де, 2-3 ай-
дан кейін пайда болатын гуілдеуі де,
4-5 айдан кейін пайда болатын был-
дырлауы да сол ата-анасының сөз 
саптауларына тікелей тәуелді.
Яғни, нәрестелік, бөбектік кезеңдер-
де бала сөз реакцияларын, айнала-
сындағылардың қимыл қозғалыста-
рына, ым-ишараларына еліктеу ар-
қылы өзіне ұялатады. Бір сөзбен айт-
қанда дүниеге келген бала қай ұлт-
тың өкілі болмасын ана тіліндегі сөз-
дерді меңгеруде уызынан жарымаса, 
оның келешекте, өсе келе мәңгүрт не-
месе маргинал болып қалуы ықти-
мал. Кейінгі кездері тіл мәселесіне 
байланысты «үш тұғырлы тіл» (три 
единство языков) дейтін концепция 
БАҚЫ
БАЛА


101
(қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қа-
тарынан оқыту мәселесі) сөз болып 
жүр. Бұл концепцияға екі тұрғыдан 
қарау керек. Біріншіден, кез келген 
балаға 5-6 жастан үш тілді қатар оқы-
туға болмайды.
Бұл ғылымға қарама-қарсы түсінік. Ал, 
туысынан нышаны бар тілді меңгеру 
қабілеті байқалған балаларға арнау-
лы мектептерде үш тілді қатарынан 
оқытуға болады. Жалпы бір кездерде 
Ы.Алтынсариннің жолын қуған бел-
гілі орыс ағартушысы А.Васильев, 
кейіннен А.Байтұрсынов 5-сыныпқа 
дейін тек қана ана тілін оқыту қажет, 
өзге тілдерді араластырмау керек дей-
тін болатын. Бірақ қазір заман бас-
қа, ғылыми прогресс ғарыштап да-
ми түсуде, жаһандану үрдісі әлем-
ді жайлаған кез. Жалпы үш тұғырлы 
тілді қатар оқыту идеясы физиоло-
гия, психология, антропология ғы-
лымдарымен негізделмеген. Бірне-
ше тілді қатарынан оқытуды өткен 
ХХ ғасырдың басында ғалымдар 
пікір сайысқа салған. Сонда Л.С.Вы-
готскийден басқалары бірнеше тіл-
ді қатарынан оқыту баланың өзінің
ана тілін меңгеруге кедергі (интер-
ференция) келтіреді деген еді. Ке-
йіннен осы мәселеге қатысты әлемдік 
деңгейдегі ғалым физиолог А.А.Ух-
томский (1875-1942) өзінің «доминан-
та» деп аталатын теориясымен негіз-
дей түсті.
Бұл теория бойынша адам миына 
үнемі түсіп отыратын көптеген ті-
тіркендіргіштер мидың әр алабынан 
қозу тудырады. Сол қозулардың іші-
нен біреуі басым келіп өзіне қалған 
шағын, әлсіз қозуларды тартып, одан 
сайын күшейеді. Мұның нәтижесін-
де біреуі мида өктемдік жасайды, мұ-
ны Ухтомский доминанта (үстемдік 
етуші қозу) деп атаған. Енді қатары-
нан оқылатын үш тілдің миға әсер 
ету жағдайына келетін болсақ, бұлар 
мида үш жерде қозу тудырады да 
қайсысы басым болса, қалған екеуін 
басып тастайды. 6-7 жасар бала сөй-
тіп мидағы үш түрлі қозуға тап ке-
леді. Қазіргі кездегі заманауи жағ-
дайды ескеретін болсақ, мұнда ағыл-
шын, одан соң орыс тілінің тітір-
кендіргіштері мида өктемдік жасап 
ана тілімізді (қазақ тілін) басып тас-
тауы ықтимал. Қазақша айтқанда 
мида «қай жеңгенің менікі» дегендей 
үш тілден туындайтын мидағы сөз 
реакциялары өзінің күшіне қарай ал-
ға шығатындығы даусыз. Доминанта 
теориясы адамның бүкіл психикасы-
на, мінез-құлқына да өктемдік жасай-
ды. Мұны сол кездері И.П.Павловтың 
«Мидағы қозудың өктемдік етуі» 
дейтін теориясы да растаған. Ғылы-
ми тұрғыдан алып қарағанда осы үш
тұғырлы тіл концепциясы ғылыми 
дәлелдігі жағынан ақсап тұр. Сон-
дықтан да осы концепцияны өз ор-
нымен басшылыққа алу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет