Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет108/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

БАЛА
БАЛА


106
жағдайларда осыған орай қызықты 
психофизиологиялық тұжырымдар 
да жасағысы келеді. Мәселен, ол 
«Адамның сәні бетінде, бетінің сәні 
көзінде» деу арқылы жақсы қылық 
пен жақсы сөздің адамдардың бет 
пішінінен, мәнерлі қозғалысынан 
байқалып отыратындығын дұрыс 
көрсетеді.
Сана-сезімі жақсы жетілген адам 
ғана өмірдің сан түрлі құбылыстарын 
таразыға салып, оның ағымына төтеп 
бере алады. Ол көрсеқызар, желікпе 
емес, жақсыдан үйренеді, жаманнан 
жиренеді, антына адал, уәдесіне бе-
рік адамды ғана ер кісі деуге болады. 
Ер адамға, сондай-ақ, бейбастық, 
өсек-аяң айту да жараспайды. Тек 
байсалды, сабырлы, қайырымды 
адам ғана көздеген мақсатына жетіп 
отырады. Бір сөзбен айтқанда, жақсы 
адам – өзіндік ойы, өзіндік мақсаты, 
өзіндік бағыты бар, кез келгеннің же-
тегіне еріп кетпейтін адам. («Сал-
қынқандылық, тұрақтылық, мінезді-
лік – адамға ауадай қажет», «Қайда 
жүрсең де өзіңді тізгіндеп ұста», 
«Адам болу үшін ерлікпен қатар ақ 
көңілділік те керек», «Байсалдылық – 
ізгі қасиет»). Жүсіп адамның осындай 
жақсы қасиеттерін тізбектей келе, 
жұртты жаман мінез, жат қылықтан 
жирендіреді. («Сараңның жұрт түгіл 
өзіне-өзінің де дәрмені жетпейді», 
«Топасқа қылығы да қырсық болып 
жабысады», «Ұятсыздан үйдей пәле 
шығады»). Жүсіптің адамның кейбір 
жаман әдеттері мен қылықтары ту-
ралы айтқан пікірлері бүгінгі күн тұр-
ғысынан қарағанда да ерекше көңіл 
аударарлықтай. Мәселен, Жүсіптің 
айтуынша адамға, мына секілді қы-
лықтар опа бермейді: өтірік айтып, 
дандайсу; ішкілікке салыну, оған құ-
мартып, әуестену; күншілдік, бас-
араздық, бұзық жолға түсу; босқа кү-
йіп-пісіп, ашушаң болу, адамның өзін-
өзі ұстай алмауы.
Адамдардың осы секілді кесапатты 
теріс қылықтарынан басқа да түрлі жа-
ман қасиеттері толып жатыр. Ақыл-
ды адам бұлардың бірде-бірін бойы-
на дарытпау үшін қам жейді, өйткені 
онда бұған толық мүмкіндік бар, деп 
тұжырымдайды автор. Менмендік те, 
жағымпаздық та – өте жаман қасиет. 
Адам деген ардақты атқа түлкідей 
қулық та, қасқырдай қатыгездік те
үйлеспейді. Дастанның авторы адам-
ның жақсы шынайы сезімдері тура-
лы айта келіп, жол-жөнекей бұларды 
бойға дарыту жайында да ақыл-кеңес-
тер береді. Мәселен, адамға ызақор-
лық, жанұшыратындай жағдайға тү-
су – жаман қасиет. Мұндайда адам
кейде өзіне-өзі жем болады, аянышты 
халге түседі. («Кімде-кім ашу үстінде 
әрекет етсе, кейін сонысынан опық 
жейді», «Адамға долылық пен ашу, 
жанұшыру абырой әпермейді»). Ав-
тордың мұндағы айтпақшы ойы мы-
нау: адам өзінің ақыл-парасатымен 
қатар сезім дүниесін де билеп-төстеуі 
керек, яғни ол өз көңіл күйінің де 
қожасы болсын, солғын, қораш сезімді 
адам – бұл әлде де болса тәрбиесі же-
тіспеген адам. («Жан-ұшырушылық 
– топас адамның белгісі», «Ашу шақы-
ру ақылға нұқсан келтіреді», «Ақыл-
дылық ашумен бірге жүрмейді»). Ав-
тор осындай кемшіліктерден адам өзі 
ғана жай жапа шекпей, төңірегінің 
алдында да айыпты болып санала-
ды, – деп түйіндейді.
Барша жұртқа ғылым – білімнің мән-
мәнісін насихаттау Жүсіп дастанында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет