Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет110/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

БАЛА
БАЛА


108
кертеріміз «Құдатғу білікті» қазіргі 
Орталық Азиядағы түркі тілдес ха-
лықтардың қай-қайсысының болса
да жеке меншігіне жатқызуға бол-
майды, өйткені ол – осынау халық-
тардың ортақ мұрасы. Бірақ ол қазақ 
халқының рухани мұрасына да қаты-
сы бар аса құнды дүние.
БАЛАУБАЕВ СӘЛКЕН (1902-
 
1992) – 
қазақ психология ғылымы-
ның қаз тұруына алғаш үлес қос-
қандардың бірі. Ол 1929 жылы Орта 
Азия мемлекеттік университетінің 
(Ташкент) педагогика факультетін 
бітірген соң, сондағы Қазақ педа-
гогикалық училищесінде оқытушы, 
Орта Азия еңбек қорғау ғылыми-
зерттеу институтында лаборатория 
меңгерушісі, кейіннен қазақтың Абай 
атындағы педагогикалық инсти-
тутында, Қазақ ССР Оқу Халық 
комиссариаты жанындағы методи-
калық кеңесте қызмет істеді. Осы
жылдары ол психология, педология 
ғылымдары саласында бірнеше ең-
бектер жазады. Мәселен, Т.Баранов-
пен бірлесіп «Вопросы конструиро-
вания национального теста» («Совет-
ская психотехника», 1933, N1), «Мек-
теп группаларын комплектеу» (Алма-
ты, 1934), «Қиын бала», «Политех-
никалық мектеп», (1933, N7-8), про-
фессор А.Б.Залкиндтің «Педология-
сын», профессор П.Н.Шимбиревтің 
«Педагогика» оқулықтарын қазақ-
ша аударды. Осы еңбектерде психо-
логиялық терминдердің қазақша ба-
ламасы көптеп кездеседі. Мәселен, 
«ілік мектепші бала» (дошкольник), 
«әрекет» (действие), «итермеші се-
беп» (мотив), «қылық» (поведение), 
«желік» (құштарлық), «сопақ ми» 
(продолговатый мозг), «түстің қиын-
дығы» (насыщение цветов), т.б. осы 
күні қазақша психологиялық термин-
дер санынан орын алып келеді.
С.Балаубаев еңбектері қазақ психо-
логиясының тарихынан елеулі орын 
алады. Мәселен, «Мектеп группала-
рын комплектеу (Қызылорда, 1934, 
16 бет) атты еңбегінде психология 
тұрғысынан сынып ұжымын құру 
жайында ақыл-кеңес береді. Автор 
оқушыларды бір өңкей бөлу қажет, 
өйткені әр баланың оқу қызметі шұ-
бар болса, топтың оқу жұмысы қиын-
ға соғады, олар ақыл жетілуі мен дене 
бітімі жағынан да бір өңкей жақын 
болуы тиіс дейді. «Бір топ, – дейді
ол, – дене жетілісі ұлылы-кішілі бо-
лып, үлкен бала мен кішкене бала-
ның қатар отыруы, бала психология-
сына орайласпайды, үлкендігі таудай
бала мен үлкендігі құлындай бала-
ны қосып оқытуға болмайды». Оқу-
шылардың сезім-эмоция, ерік-жігер 
ерекшеліктеріне орай класс тобы тө-
мендегіше құрылғаны дұрыс: «Эмо-
ция – қайрат өзгешелік жағынан топ 
түрлі, шұбар болуы керек, өйткені 
оқу тобының бірін ылғи ұйымшыл, 
екіншісін ылғи ұйымсыз балалардан, 
бірін ылғи пысық балалардан, екін-
шісін ылғи сылбыр балалардан, бі-
ріншісін – ылғи бастаған ісін аяқтай 
алатын табанды балалардан, екінші-
сін – ылғи бастаған ісін тастап кете-
тін тыңғылықсыз балалардан түзуге 
болмайды».
С.Балаубаевтың осы пікірлері қа-
зіргі кездегі мектеп практикасында 
жөнді еске алынбай жүр. Сондықтан 
да, әрбір мұғалім, әсіресе сынып 
жетекшілері ғалымның осы ұсыны-
сын басшылыққа алса (әсіресе ауыл-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет