Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет118/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

БЕХТЕРЕВ ВЛАДИМИР МИ-
 
ХАЙЛОВИЧ (1857-1927)
– физио-
логия, психология, педология, меди-
цина саласында Сеченев, Павлов-
тармен қатар тұратын ғұлама ғалым. 
В.М.Бехтерев 1857 жылдың 1 февра-
лында Вятск губерниясындағы Сора-
ли селосында дүниеге келді. Ол жас 
шағында тұрмыс қиыншылығын көп
көрді. Жас кезінен табиғатты ерекше
сүйетін Бехтерев гимназияда жүрген-
де-ақ ғылыми-жаратылыстану әде-
биеттерін құмарта оқиды, ағылшын-
ның ұлы табиғат зерттеушісі Ч.Дар-
виннің еңбектерімен танысады. Бех-
терев гимназияны бітіргеннен кейін 
Петербургтегі Медико-хирургиялық 
(кейін Әскери-медициналық деп атал-
ған) академияға оқуға түседі. Акаде-
мияның аудиторияларында студент 
Бехтерев бұрын білуге ынтызар бол-
ған ғылым негіздерін бар ынта-жіге-
рімен меңгере бастайды. Академия-
ның соңғы курсында ол машинаның 
күрделі проблемаларының бірі – жүй-
ке және психика ауруларының кли-
никалық мәселелеріне ерекше назар 
аударады.
БЕЛС
БЕХТ


116
1878 жылы Бехтерев академияны үз-
дік бітіреді. Оның талант қабілетін 
байқаған ғалымдардың көмегімен ол 
профессорлық қызметке әзірленуге 
академияда қалады. 1880 жылы Бех-
терев «Кейбір психикалық аурулар-
дағы дененің температурасын зерт-
теудің клиникалық тәжірибесі» деген 
тақырыпта диссертация қорғайды. 
Оған приват-доцент атағы беріліп, 
Қазан университетіне қызметке жібе-
ріледі.
Бехтеревтің ғылыми шығармашылы-
ғының Қазанда өткен дәуірі ғылыми 
және саяси-әлеуметтік істерге толы. 
Ол Қазандағы округтік психиатрия-
лық емхананы үлкен клиникаға ай-
налдырады, мұнда ғылыми және пе-
дагогикалық мәні бар мәселелерді 
зерттейді. Қазан университетінде ол 
Россияда бірінші болып психофи-
зиологиялық лаборатория ұйымдас-
тырады, невропатологтер мен пси-
хиатрлардың қоғамын құрып, «Невро-
логия хабаршысы» дейтін журнал шы-
ғарады. Қазанда болған 8 жыл ішінде 
ол «Кейбір байқалған жүйке аурула-
ры» деген екі томдық еңбегін және 
өзінің классикалық еңбегі «Бас майы 
мен жұлынның өткізгіш жолдарын» 
баспаға әзірлейді.
1893 жылдан Бехтерев Петербургтегі 
Әскери-хирургиялық академияда қыз-
мет етеді. Мұнымен қатар ол Әйел-
дер медицина институтының жаңа-
дан ашылған жүйке және психика ау-
рулары кафедрасының меңгерушісі 
болып тағайындалды.
Академияның клиникасын басқару-
дағы 20 жыл ішінде Бехтерев «Ми 
функциясы туралы ілімдердің негізі», 
«Психика және өмір», «Объективтік 
психология» атты күрделі еңбектер-
мен қатар, ғылымның әр саласында 
200-ден аса құнды мақалалар жария-
лады.
Ғылым дүниесінде Бехтерев невро-
патология және психиатрия саласын-
дағы еңбектерімен ерекше көзге тү-
седі. Ол психикалық ауруы бар адам-
дарды емдеп жазуға болатындығын 
дәлелдеді.
В.М.Бехтеревтің оқу-тәрбие мәселе-
сіне байланысты көптеген құнды пі-
кірлері де аз емес. Ол педологияның 
Ресейде негізін қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет