Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет114/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

БАСТ
БАСТ


112
Мұндай әдіс затты жан-жақты танып 
білуге мүмкіндік береді, оқушылар-
ды байқағыштыққа үйретеді.
Мектепке келгесін бала зейіні де 
қауырт дами түседі. Алғашқыда оның
зейіні шашыранды болады. Ол бір 
нәрсеге жөндеп зейінін тұрақтата ал-
майды, оның көңілі әрнеге оп-оңай 
ауып кете береді. Сондықтан да, оқы-
ту бұл кезде тікелей қызығуға сүйе-
ніледі. Мәселен, мұғалім әріптен буын, 
буыннан сөз, сөзден сөйлем құрай-
ды, әріптердің орнын алмастырып, одан
түрлі мағыналы сөздер тудырады. Бұл 
баланы қызықтырып, өзіне тартады. 
Бірақ сабақты үнемі осылай өткізу оқу 
әрекетіне аса қажетті ырықты зейінді 
дамытуға жағдай туғызбайды. Оқу – 
күрделі әрекет. Сондықтан оған әдейі 
күш жұмсап, ұйымдасып кіріспесе 
болмайды.
Баланың ырықты зейінін дамыту 
түрлі жолдармен жүргізіледі. Көрнекі 
құралдарды дұрыс пайдалана білу –
осындай тәсілдердің бастысы. Мәсе-
лен, бірінші сынып оқушыларын са-
наттырып үйретуде таяқшалар пайда-
ланылады. Таяқша-тапсырманы орын-
дауда бала психикасына әсер ететін 
көрнекі тірек. Заттың нақты бейне-
сіне сүйену – осы жастағы бала пси-
хикасының басты ерекшелігі. Са-
бақты ылғи көрнекілікке негізде-
уге де болмайды, сондықтан сөзбен 
көрнекілік ұштасып келгені дұрыс. 
Бастауыш сынып оқушылары оқыға-
нын, көрген-білгенін есте жақсы сақ-
тай алады. Олар көбінесе ашық бояу-
лы, қимыл-қозғалысты, нақтылы нәр-
селерді ұмытпайды. Ол өзіне қажетті 
(әсіресе, ойынға байланысты) нәрсе-
лерді есіне сақтауға тырысады. Бі-
рінші, екінші сыныпта оқушылар әде-
йілеп есте қалдырудың жолын біл-
мегендіктен, олар материалды түгел-
дей жаттап алады. Мұндай жаттап 
алушылық – оқу тәсілін білмегендік-
тен, нені қалайша есте қалдыру қа-
жетін сезінбегендіктен туындайтын 
қасиет. Егер мұғалім, есте қалдыру 
мен қайта жаңғыртудың арнаулы әдіс-
терін балаға үйретіп, бұлардың нә-
тижесін үнемі тексеріп отырмаса, 
бала жалаң жаттауға әдеттеніп ке-
теді. Мұндайда бала материалдың іш-
кі мәнісін түсінбей, тек қарасын біл-
геніне мәз болып жүре береді. Мате-
риалды мағынасына қарай есте қал-
дыруға дағдыланбаған баланың ке-
йін жоғары сыныпқа барғанда күрде-
лі материалды ұғынуға шамасы кел-
мейтін болады.
Жеті-сегіз жасар баланың, ойлау қа-
білетінің де шеңбері тар. Оның ай-
наласын қоршаған дүние (үй, көше, 
мектеп) шағын, тәжірибесі аз. Сон-
дықтан бала алыстан орағытып ой-
лай алмайды. Баланы ойлатып үйрету 
үшін төңірегін тереңірек білуге жағ-
дай туғызу қажет. Ол әр нәрсенің ат-
қаратын қызметін, не тұрған орнын 
(«балтамен ағаш жарады», «отын са-
райда тұрады») ғана білмесін, өзіне 
таныс нәрселерді суреттеп, салысты-
рып айтып беретін болсын. Өйткені 
ойлау бір нәрсені екіншісімен салыс-
тыруды, оларды жіктеп-жүйелеуді, 
бір-бірімен байланыстыруды, қажет 
етеді. Оқушының бір зат жөнінде нақ-
ты елесі, дұрыс қабылдауы болма-
са, ол оны өмірден көрмесе, бұл зат 
жөніндегі оның ұғымы да саяз бола-
ды. Мәселен, мұғалім баладан қандай 
тау аттарын білесің деп сұраса, Ала-
тау, Қаратау дей келіп, бұған Кентау 
қаласын да қосып жібереді. Бала осы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет