Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет115/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

БАСТ
БАСТ


113
ұғымның негізгі ерекшелігін тау сөзі 
деп түсінеді де, оның басты белгісін, 
кездейсоқ белгісінен ажырата ал-
майды. Өйткені баланың ой-өрісінің 
тарлығы, тәжірибесінің жоқтығы оған
осы ұғымның мазмұнына енетін не-
гізгі белгілерді қамтуға мүмкіндік 
бермейді. Қорыта келгенде, төменгі 
сынып оқушыларының психикасына
тән ортақ қасиеттердің бастылары-
на жалпы әсерге тез берілгіштік,
еліктегіштік, көрнекіліктің қажеттігі,
ойлануының нақтылығы, эмоцияла-
рының бояулы келетіндігі, қимыл-
қозғалысқа бейімділігі т.б. жатқызу-
ға болады.
Мектептегі оқу-тәрбие процесі бала-
ның жеке ерекшеліктерінің (мінезі,
қабілеті, темпераменті т.б.) қалыпта-
суында елеулі орын алады. Бұл жер-
де балалар ұжымының рөлі аса зор. 
Мектеп ұжымының балалардың ойын 
кезіндегі ұжымнан мазмұны да, фор-
масы да бөлек.
Мектеп ұжымының негізгі ерекше-
лігі оқушылардың білім негіздерін
меңгеруге байланысты ортақ мақсат-
ты көздейтіндіктерінен, жеке мүдде-
сін, көпшілік мүддесіне бағын-дыра 
алуларынан байқалады. Мектеп ұжы-
мының ең негізгі мақсаты – оларды 
оқуға жұмылдыру болып табылады. 
Мәселен, «өте жақсы оқу», «Отанның 
қамқорлығына жауап беру», «тәртіпті 
болу – бұл ұжымға тигізген зор 
үлес» деген моральдық ұғымдарға 
үшінші-төртінші сынып оқушылары 
жақсы түсіне бастайды. Оқушы бір-
тіндеп өзінің оқитын сыныбын, мек-
тебін сүйетін болады. Осы негізде
олардың жолдастык, достық т.б. осын-
дай моральдық сезімдері оянып қа-
лыптасады.
БАТА
– адамға жақсы тілек білдіріп, 
оны құдайдың қорғап-қолдауда қолда-
нылатын ұлттық тәлім-тәрбие тәсіл-
дерінің бір түрі. Басқа да жоралар-
мен бірге Б. дұға оқу, Аллаға сыйыну 
кездерінде де айтылады. Бата адамға 
психологиялық тұрғыдан әсер ету, оны
рухани жағынан қолдау үшін де қол-
данылады. Оны көп жағдайда кө-
некөз қариялар, көпті көрген ақсақал-
дар береді. Кісіге қуат беретін оң ба-
тамен қатар, кей жағдайларда теріс 
бата деп аталатын түрлері де болады.
БАУЫРМАЛДЫҚ 
– қазақтың ұлт-
тық психологиясына тән имандылық 
қасиеттің ерекше бір көрінісі. Халқы-
мыздың бауырмалдығы «бала бауыр 
еттен жаралған» деп, оны ерекше 
қастерлеп, әлпештеуден басталады. Ата
текті дұрыс ажырата алу – бауыр-
малдықтың бір көрінісі. Бұл «рушыл-
дық» емес, өзінің шыққан тегін бі-
луге деген ынтызарлық. Өз руын ғана
қастерлеу, қызмет бабында қандас-
тарына ғана қамқорлық жасау білімді,
инабатты, зиялы адамға жараспай-
ды. Кеңпейілді, ақниетті, адал жү-
ректі, пәк көңілді қазақ халқының ту-
мысындағы мінез-құлқына қарама-
қайшы келетін «бөліну», «бөлшекте-
ну» пиғылдарын уағыздайтын адам-
дарда имандылық пен адамгершілік 
жағы жетіспей жатады. Ондайлар ел
бірлігіне нұқсан келтіріп, кейде жеке-
леген руларды тіпті қайғы-қасірет-
ке ұшыратуы да ықтимал. Халқы-
мыздың бауырмалдық секілді атам за-
маннан сүйегіне сіңген асыл қасиеті 
«Құран-кәрім» қағидаларымен де 
ұштасып жатады. Осы қасиетті кітап:
ешбір адам баласы жат емес, барлық 
адамзат баласы бір-біріне дос, бауыр 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет