121
дай психологиясын кезінде Шал ақын
осылайша сипаттаса, кейіннен ой-
шыл ақынымыз С.Торайғыров «Адас-
қан өмірде» төмендегіше көрсеткен:
Бұл жаста көп: бересі-аласы да,
Алдымда толған мақсат, толған
таңдау, Алайын мынасын ба, анасын
ба?..
Әр үміттің қиялы сәулеленіп,
Түн бойы ұйқы бермес толқып ішім...
Күн сайын тұрады артып қайрат-
күшім. Асығыс жоқ, мен әлі жетем
деймін, «Дәл бүгін жетпедім деу бе-
кер», – деймін. Ірі мақсат болмаса
ұсақ іске, Неге мен алданамын уақыт
бөліп?! «Жастық адамға бір-ақ рет
беріледі, – деп жазды Б.Г.Белинский, –
мұның басқа жас кезеңдерінен ерек-
шелігі – барлық әдемілік атаулы мен
асқаралы мұратқа біртабан жақын-
дығы».
Бозбаланы ойлантып, тебірентпейтін
нәрсе жоқ. Олар: әр түрлі адамдардың
мінез-құлқы мен дүниетанымы, кө-
ңіл күйлері, адамгершілік жайлы тол-
ғаныстары, жұртшылық пен жеке бас
мүддесінің ара салмағы, бақыт пен
борыш, қарыз бен парыз, достық пен
махаббат, басқа жыныс өкілдерінің
сырларын танып-білуге құмарту, ма-
хаббатқа аңсары ауу, т.б. Бозбала өзін
еңбек пен оқу үстінде жасөспірімдер-
ден гөрі айқын танытады, істе азамат-
тық ар-намысымен қимылдайды. Оның
әртүрлі іс-әрекетінен жеке басының
бағыт-бағдары, инициативасы мен
іскерлігі, қоғамдық белсенділігі, ерік-
жігер, қажыр-қайраты қалайша қалып-
тасып келе жатқанын байқауға бола-
ды. Бұлардың көпшілігі өзінің ұжым-
дағы, қоғамдағы орнын жақсы түсіне-
ді, досы мен дұшпанын ажырата ала-
ды, көкейтесті арманы мен талғам-
паздық сезімдері өрістейді.
Осы кезеңдегі еңбек пен оқудың ой-
дағыдай ұштасуы олардың күрделі
жан қуаттарының (ойлау, сезім, қайрат,
т.б.) дамуына қолайлы әсер етеді. Мә-
селен, олар оқып-танып меңгеретін
қоғамдық және жаратылыстық пән-
дер (алгебра, физика, химия, қоғам
тану, т.б.) бұлардың абстракті логика-
лық ойлауын дамытуға жағдай жа-
саса, оқу-өндірістік комбинаттарын-
да тәжірибеден өту – еңбек дағдыла-
рын, шеберлік пен ептілік икемдікте-
рін жетілдіруге жәрдемдесетіні сөз-
сіз. Бозбаланың интелектісі (қабыл-
дау, ес, қиял, т.б.) шарықтап, дами
түсетіндіктен, олардың қабылдауы
да жүйелене, күрделене түседі. Естің
логикалык, мағыналы жағы, әдейілеп
еске түсіру, қайта жаңғырту форма-
лары жаңа мазмұнға ие бола бастай-
ды, ойлау қабілеті белсенді, орамды,
терең, дербес болып келеді. Олар
жұрттың айтқанын таразыға салып,
сын көзімен қарап, бұларды пайым-
дай салыстырып, содан кейін ғана тиіс-
ті қорытындыға келуге тырысады.
Шығармашылықтық ойлау, яғни ай-
наланы жәй ғана аңғарып қоймай,
өткендегіні де танып-білуге құмарту,
болашаққа көз жүгірту, заттың ішкі
мәнін, сыр-сипатын, жалпы заңды-
лықтарын тұжырымдау – осы жас-
тағылардың ойлауына тән басты ерек-
шелік. Балаң жастағылардың дүние
танымы мен сенімін қалыптастыру
ісіне әлде де болса тәлімгерлер тара-
пынан жолбасшылық қажет. Өйт-
кені, оқу мен тәрбиенің, теория мен
практиканың, интеллект пен сезімнің,
жігер мен мінездің, сенім мен талғам-
ның қалыптасып, шыңдалуы аса күр-
делі құбылыс. Жайсаң мінез, нақты
дүниетаным мен берік сенім жоқ жер-
Достарыңызбен бөлісу: