Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет120/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

БИХЕВИОРИзМ 
(ағылш. 
beha- 
vio(u)rism
– қаз. қылық, жүріс-тұрыс)
 
– XX ғасырдың бас кезінде қалыптас-
қан психологиялық бағыттардың бі-
рі. 
Б. теориясының негізгі зерттеу 
нысаны сана емес, адам мінез-құлқы 
болып табылады. 
Мінез-құлық пси-
хологиясы АҚШ-та ерекше дамы-
ды. Б. бағытының көрнекті өкілі аме-
рика ғалымы, әрі психологі Джон 
Уотсон (1873-1958) болды. Ол дәс-
түрлі психологияның пәнін, жан құ-
былыстарын жаңа мінез-құлық психо-
логиясымен өзгерту қажеттігін ұсын-
ды.1913 жылы Д.Уотсон психология-
ны мінез-құлық туралы ғылым ретін-
де қарастырды. Жаңа бағыттың пай-
да болуы «Психология, оны бихевио-
рист қалай көреді» атты мақаланың 
шығуымен ерекшеленеді. Оның ав-
торы Уотсон психология басқа жара-
тылыстану ғылымдарының арасында 
өзінің лайықты орнын алуға тиісті деп 
жазды. Оның айтуынша, қазіргі кезге 
дейін психологияның пәні және зерт-
теу әдісі теріс түсіндіріліп келді және 
психологияның зерттеу нышаны са-
на емес, мінез-құлық, ал интроспек-
тивтік әдістің орнына – субъективтік 
әдіс деп тұжырымдады.
Бұл мақаланы батыс психологтары 
«бихевиористік төңкерістің» баста-
луы деп бағалады. Мақаладан кейін-
гі 10 жылдықта Б. толқыны барлық 
америка психологиясын қамтыды. Б. 
психологиядағы прагматистік бағыт, 
оның пайда болуы тез қарқынмен 
дамып отырған капиталистік эконо-
миканың сұраныстарына байланыс-
БИОГ
БИХЕ


118
ты. Бихевиористердің мақсаты –
психологияны мінез-құлықты басқа-
руға қабілетті білімнің саласына ай-
налдыру. Д.Уотсонның түсіндіруін-
ше, 
Б. түпкі мақсаты – адам мінез-
құлқын түсіндіру. Бұл үшін 3 жағдай 
жеткілікті деп есептеді: мінез-
құлықтың өзін суреттеу, организмге 
әсер ететін ішкі, сыртқы дене сти- 
мулдарын және оған жауап беретін 
мінез-құлық реакциясын байланыс- 
тыратын заңдарды тану.
Адам жануарлардан тек мінез-құлық 
реакцияларының күрделілігімен, 
оларға жауап беретін стимулдардың 
әртүрлілігімен ерекшеленеді. Бихе-
виористердің дәлелдеуінше, негіз-
гі ғылыми ұғымдар болып табыла-
тын стимул – сыртқы ортадан келе-
тін тітіркендіргіш, реакция – тітір-
кендіргішке ағзаның жауабы және 
стимул мен реакцияның байланысы –
ассоциация. Сонымен, Уотсон сана-
дан ғылыми категория ретінде бас тарта 
отырып, өзінің еңбегінде И.П.Пав-
ловтың шартты рефлекстер туралы
әдістемесіне сүйенеді. Б. пайда бо-
луына америка зерттеуші-ғалымы 
Э.Торндайктің (1874-1949) еңбек-
терінің үлкен әсері тиді. Э.Торндайк-
тің негізгі зерттеулері жануарларға 
жүргізілді, олар «проблемалық жә-
шік» деп аталатынға орналастырыл-
ды. Э.Торндайк «проблемалық жә-
шіктегі» жануарларлардың мінез-
құлқын бақылап, байқау және қате-
лесу әдісімен әрекет ете отырып, жа-
нуарлар кездейсоқ нәтижеге жетеді 
деген қорытындыға келеді. Үйрету, 
бейімделу реакциясын қалыптасты-
ру бірнеше рет қайталаудың нәти-
жесінде іске асады (жаттығу заңы). 
Егер реакциядан кейін ағза үшін жағ-
дай ойдағыдай іске асатын болса, 
реакция бекітіледі, стимул мен реак-
цияның арасында берік байланыс 
қалыптасады (тиімділік заңы).
Ашылған заңдылықтарды бихевио-
ристер механикалық түрде адамға
пайдаланды. Адамдардың жануар-
лардан айырмашылығын олар реакция-
сының өте күрделі сипатынан көре-
ді. Бихевиористер мінез-құлықтың ор-
таның әсеріне байланыстылығын дұ-
рыс анықтап берді. Бірақ олардың 
тұжырымдамасы механикалық сипат-
та болды. Олар кері реакцияның тек 
стимулмен емес, сонымен қатар ішкі 
жағдайлармен байланыстылығын 
ескермеген. Жануарлар психикасын 
зерттеуге адам мінез-құлқы моделі 
тұрғысынан қарау дұрыс, бірақ жа-
нуарлар мен адам психикасының 
сапалық ерекшелігі бұрмаланды.
Д. Уотсон адамның мінез-құлқы тітір-
кендіргіштерге бағыныштылығы ту-
ралы ғылымды байыта түсті. Бұл 
байланыстылықты S→R (стимул –
реакция) формуласы түрінде бейне-
леді. Б. негізіне психологиялық зерт-
теулердің пәні ретінде психиканы, 
сананы жоққа шығару жатады. Зерт-
теу нышаны ретінде мінез-құлық-
ты мойындайды. Психология ғылы-
мына мінез-құлық пен ортаның ара-
қатынасының заңдылықтарын зерт-
теу ұсынылды. Бихевиористер жа-
нуарлар сияқты адам да жай тетік, 
машина тәріздес сыртқы ортаның 
әсеріне жауап береді дегенді айта-
ды. 1925ж. Д.Уотсонның кезекті еңбегі
«Бихевиоризм» атты кітабы жарық
көрді. Бұл еңбекте негізгі идея сырт-
қы тітіркендіргіштердің нәтижесінде 
кез-келген келбеттегі, мінез-құлық-
тағы адамды «жасауға» болатынды-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет