115
түсетін бейімділіктер оның келешек
қабілетінің көрсеткіші болып та
табылады, мәселен, екі-үш жасар
баланың музыка үніне құлағының
елеңдеуі, онда музыкалық қабілетке
байланысты табиғи негіздің бар
екендігін көрсетеді. Жас балаларда
әрекеттің әр түріне байланысты
бейімділік жиі ұшырайды. Нағыз
бейімділіктен алдамшы, шүбәлі
бейімділікті айыра алу керек. Нағыз
бейімділік адамның әрекетке тек
құштарлығы ғана емес, оны нәтижелі
етіп орындауында. Мәселен, осындай
бала сабақ үлгіруде қатарындағы
балалардан көп ілгері озып кетіп
отырады. Ал бейімділіктің алдамшы
түрінде адам іске қатты әуестенгенмен
сол салада жақсы нәтижеге ие бола
алмайды. Оның мүмкіндігі орта
дәрежеде ғана болады.
БЕЛСЕНДІЛІК
– тұлғаның іс-
әрекеттегі функционалдық көрінісі. Ол
субъекттің өзімен ұйымдастырылады,
реттеледі және құрылымданады. Б. –
бұл тұлғаның өз қажеттіліктерін,
қабілеттерін, өмірге қатынастарын
қоғамның қоятын талаптарымен үй-
лестіру негізіндегі тұлғаға ғана тән
өмірді ұйымдастыру, реттеу және
өзін-өзі реттеу тәсілі. Б-тің қозғау-
шы күштері, құралдары, сыртқы та-
лаптардың бірігу тәсілі тұлғаның іш-
кі құрылымына байланысты болады.
Жоғары талаптану мен қабілеттердің
төменгі деңгейінде бұл жүйе қайшы-
лықты болады, ол тұлғадан белгілі
бір күшті, ерік-жігер әрекетін неме-
се сыртқы көмекті қажет етеді. Сон-
дықтан, белсенділік қалаулы мен қа-
жеттінің, бар мен потенциалдының,
жеке-дара мен типтіктің арасындағы
қайшылықты тұлғаға тән шешу тәсі-
лін білдіреді. Б. психологияда белсен-
ділік іс-әрекеттің динамикалық шар-
ты оның пайда болу, орындалу және
басқа түрге өзгеру, өздік қозғалыс
қасиеті туралы түсінік. Тірі жандар-
дың
спонтандық қимыл-қозғалыс ту-
дыруға және ішкі немесе сыртқы сти-
мул – тітіркендіргіштердің әсерімен
өзгеріске ұшырауға қабілеттілігін тү-
сіндіретін ұғым. Іс-әрекетті орындау
барысында Б. нәтижелілікке жетелей-
ді. Б. іс-әрекеттің мотивтеріне де тә-
уелді болады.
Достарыңызбен бөлісу: