120
қаңқасы) мүмкіндіктері арта түседі.
Жас адамның жыныстық жағынан
жетіліп, өзінің ішкі жан дүниесіне
ерекше үңіле түсуі, құрбы-құрдас,
жора-жолдастарымен қарым-қатынас
жасауға аса ынталы болуы, бойымен
қатар
ақыл-ойының да біршама то-
лысуы осы жастағыларға тән негізгі
психологиялық құрылымдар. Жастық
шақ – адам өмірінің көктемі. Бұл
жайлы халқымыз жеріне жеткізе айт-
қан. Мәселен, «Ақыл – жастан», «Жас-
тық – жалын», «Болымдының бала-
сы он бесінде баспын дер», «Жігіт
болсаң шоқ бол, шоқ болмасаң жоқ
бол» секілді қатты сөздер боз бала-
лық шақ – адамның ақыл-ойы қауырт
өсетін, қажырлы іс-әрекетке,
қимыл
қозғалысқа аса құштар, албырт, ро-
мантикалық кез екенін өте дәл бей-
нелейді.
Жастық шақтың басты белгісі – адам-
ның жаны мен тәнінің сапалық, сан-
дық жағынан да үлкен өзгерістерге
түсуінде.
Осы жаста адамның қо-
ғамдық белсенділігі артады, сана-
сезімі өседі, жан қуаттары шыңдала,
молая түседі. Ол өзі өмір сүретін ор-
тадан тиісті орнын алуға тырысады,
қоршаған ортаға сын көзбен қарай
бастайды. Бұл жастағыларда өзін-өзі
бағалауға талпыну, рухани өмірге қы-
зығу, имандылық пен адамгершілік
идеялары оянып,
кемелдене бастай-
ды. Халық даналығы жастарға қызы-
ғы мол, қайтып оралмайтын, кейін
іздесең де табылмайтын адам өмірін-
дегі осынау қызықты кезеңді бос өт-
кізсең – оның орнын еш уақытта да
толтыра алмайсың дей келіп, – бұл
кезде
ғылым-білімді, өнердің сан
алуан түрлерін меңгеруге адамның
мүмкіндігі мол болатынын,
сол се-
бепті оған көп оқып, үлкендерден
тағылым алып, үйрене, біле берудің
керектігін әдейілеп ескертеді, олар-
дың еңбексүйгіш, көпшіл, белсенді,
өнегелі азамат болуын аңсайды.
Мәселен, «Жігіт адамға жетпіс өнер
де аз», «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы
болсын», «Менмендік –
жігіттің со-
ры», «Өзім білем деген жігіттің – ба-
сына ойран салғаны, көп біледі деген
жігіттің – басына қорған салғаны»,
«Селтеңдеген жігіттің серкесінің со-
ры», «Жасында көргені жоқ, өскенде
айтары жоқ», «Жас күніңде еңбек
қылсаң, есейгенше жетілерсің», «Жас-
тың жұмыссыз жүргені – сөкет», – де-
ген мақал-мәтелдер – бозбалаға, жас
жігітке тікелей айтылған ақыл-кеңес-
тің бір тобы. Балғын жастық шақ –
тасқындаған күш-қуатымен, мөлдір де
пәк көзқарасымен, өзіндік сенімімен
бәрін де елжірей қабылдай беретін,
өзіндік ерекшелігімен көрінетін қай-
таланбас тәтті дәурен. Осы жаста-
ғылардың арманы да, мақсаты да көп.
Бұл оған зор түрткі болып, ылғи да
мазасын алып, тыным таптырмайды.
Кім болам? Не үшін бұл дүниеге
келдім? Тірлікте не тындырам? Жұртқа
қалайша пайдамды тигізем? Өзімді
қоршаған дүниенің сыры неде? Оның
жақсылығы мен жаманшылығы қоса
жүретіні несі? Адам қатарлы өмір сүру
үшін қандай мінез керек, оны қалай
тәрбиелеуге болады? Бозбала шақтың
аса бір жан сұлулығы – оның өзіндік
романтикасы, әсіресе болашаққа де-
ген таудай талабы мен үлкен үмітін-
де.
Он бесте тартып міндім аттың
жалын, Сол кезде айтқан сөзім – от
пен жалын, Бүркіттей тасқа түскен
талап етіп, Сонымен біраз жүрдім
ұзын сарын...
Балғын жастың осын-
Достарыңызбен бөлісу: