Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет126/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

БОЙЖ
БОЙЖ


124
сөз саптауы, жұртпен қарым-қатына-
сы, т.б.) әсем де нәзік болуы тиіс.
Тәрбие ғылымының тарланы А.С.Ма-
каренко дұрыс жүру, тұру әдепті 
бола білу ұсақ-түйек емес деп тегін 
айтпаған. Жақсы мінезге қыз бала 
жастайынан үйренсе ғана, ол бойға қо-
нымды болмақ. Мінез-құлық тәлімі 
туралы жазылған, жақсы ақыл-ке-
ңестер беретін кітаптар да аз емес. 
Мүмкіндігінше, соларды тауып оқу – 
әр бойжеткеннің парызы болмақ. 
Алайда, әдемі қылық пен жақсы тә-
лім жайлы қаншама кітап оқып шық-
қанмен ешкім өз-өзінен әдепті де, 
жақсы мінезді бола алмайтыны белгі-
лі. Бұл арада есейіп, ер жеткенге де-
йін ата-ана тәрбиесі елеулі орын ал-
са, ес кіріп, ой мен бой толысқан кез-
де адамның өзін-өзі ұдайы тәрбие-
леуі, ауыздықтай тежеп отыруы аса 
маңызды. Сондықтан да, Сұлтанмах-
мұт Торайғыров «Жақсылық көрсем –
өзімнен, жамандық көрсем – өзім-
нен, «тағдыр қылды» деулерді – шы-
ғарамын сөзімнен», – деп тебіренді 
емес пе? Балаң жаста алғашқы махаб-
бат оянады. Бұл рухани талаптан, асыл 
арман мен мұраттан туған асқақ сезім. 
Әдетте бойжеткен мен бозбаланың
бір-біріне деген ыстық ықыласы бі-
рігіп, сабаққа дайындалудан, киноға, 
сауық кешке, сырғанаққа бірге бару-
дан, оңаша жерде бір-бірімен сыр-
ласудан, оқыған кітаптары,
адамдар-
дың жақсы, жаманды қасиеттері жай-
лы пікір
алысуы арқылы өрбиді. Ма-
хаббатпен әрленген рухани қарым-
қатынас балаң жастың жанын бақыт-
нұрға толтырып, шат-шадыман күй-
ге бөлеп, биік мақсат-мұратқа жете-
лейді.
«Махаббаттың мың түрлі құпиясы
бар, жүрек оны жан шыққанша жа-
сырар» дегендей, жас адамның осын-
дай нәзік жан-күйін түсіне білген үл-
кендер (әке-шеше, аға-жеңге, т.б.) олар-
дың арына тиіп, өздерінен алыста-
тып алмай, қайта ақылын айтып, ту-
ра жолға бағыттап отыруы – үлкен 
адамгершіліктің белгісі болмақ. Қыз
абыройы – болашақ отбасының, бо-
сағаның беріктігіне қатысты мәселе. 
Қазақ халқы «Қыздың жолы жіңіш-
ке» деп, қыздың жаза баспауын қа-
таң қадағалап отырған. Әрине, бой-
жеткен абыройы оның ақыл-пара-
сатына, инабаттылығына, іске
бейім-
ділігіне, өнерпаздығына, білімдар-
лығына, сезім дүниесі жайлы ой-өре-
сінің тереңдігіне байланысты екені 
хақ. Сондықтан да әрбір ата-ана өз 
қыздарының абыройлы болуына 
ерекше мән беріп, қадағалайды. Әсі-
ресе қыз анасына көп нәрсе байла-
нысты. Ал, анасын ардақтай білмеген 
қыз өз абыройын да сақтай білмей-
ді. Өз намысын қорғаған қыз ожар, 
есер жігітке кіріптар болмайды, қай-
та есті жігітке ес қосады.
Қыз абыройлы болу үшін оның мі-
нез-құлқы ибалы, инабатты болуы ке-
рек. «Қыз қылығымен жағады» де-
ген мақал содан қалған. Халық тал 
шыбықтай бұралып, өсіп келе жатқан 
балаң қыздың алдына келешекте 
кездесетін өмірлік міндеттер қойып, 
оларды
орындап отыруды да қыз 
абыройы деп есептеген. Сөйтіп, қа-
зақ ұғымында, жоғарыда айтып кет-
кеніміздей, бойжеткен парызы – ізет-
тілік пен биязылық, жарасты киіну, 
әжесі мен атасын, шеше мен әкені 
барынша қадір тұтып, сый-құрмет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет