Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет127/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

БОЙЖ
БОЙЖ


125
көрсету, қабақ шытпай жүріп – тұру, 
үлкеннің алдынан кесіп өтпеу, өсек-
аяңға жоламау, орынсыз дөрекі сөй-
леп, шайпау болмау, ұрпақ тәрбиесі-
нен хабардар болу, ұлттық салт-дәс-
түрді құрмет тұту, ана тілін ардақтау, 
жеңгесімен
жанындай дос болу, үй 
шаруасына араласу (қой, сиыр сауа 
білу, арқан есіп, жіп иіріп, кілем то-
қып, кесте тіге білу, ас-суды әзірлей 
алу, т.б.), яғни үй шаруасына қажет-
ті дағды икемділіктерді жетік мең-
герген бесаспап жан болып қалып-
тасу. Сондықтан да әрбір ата-ана үй-
де де, түзде де, қаршадайынан осы-
нау қасиеттерді қыз баланың бойы-
на дарытып отырулары қажет.
БОЙКҮЙЕзДІК 
(лат. 
negativus
– 
жоққа шығарамын) – айтқан ақыл-
кеңеске құлақ аспай, өз бетінше жүріп-
тұрудан көрінетін мінездің жағымсыз 
жағы. Б. белсенді және енжар болып 
екіге бөлінеді. Бірінші жағдайдағы 
Б. орынды талап-тілекті орындаудан 
бас тартудан, тыңдамай жүре беруден 
көрінеді. Мұндай адамның іс-әре-
кетінде дәйекті пікір, қисынды мотив 
болмайды, ол тек «өзімдікі ғана жөн»
деп ешкімнің ырқына көнбей жүре 
береді. Белсенді бойкүйездікке са-
лынған бала үлкендердің айтқанына 
қасарысып қарсы шығады. Мінездің 
жағымсыз қасиетіне айналған тұрақ-
ты бойкүйездіктен ауру-сырқау ке-
зінде пайда болатын кейбір өткінші 
бойкүйездікті, сондай-ақ жүйке жү-
йесінің зақымдануынан туындайтын 
патологиялық бойкүйездікті (шизо-
френия) ажырата білу керек. Қолайлы 
психологиялық жағдай орнату – бала 
бойкүйездігінің өріс алмауының бас-
ты шарты.
БОЛДЫРУ – 
ми қабығының біркел-
кі жүйелі жұмыс істеу қабілетінен 
айырыла бастауы. Ол адамның пси-
хикасына қолайсыз әсер етеді (ұйқы 
бұзылады, әлсіздік, асқа тәбет шаппау, 
ашушаңдық, ой жұмысына енжарлық 
т.б.). Болдырудың себептеріне режим-
сіз жұмыс істеу, дем алу тәртібін сақ-
тамау, жүйесіз жұмыс істеу жатады.
БОРЫШ СЕзІМІ – 
адамның мо-
ральдық сезімдері деп аталатын се-
зімдердің ішіндегі өте маңызды және
орталық орын алатыны. Ол әр алуан 
адамның қоғам алдындағы немесе 
жеке адамның әке-шеше алдындағы 
адамгершілік парызын өтеуіне қо-
йылатын талап. Жеке адамға қоғам 
тарапынан қойылатын талаптың қо-
ғам мүшелерінің бәріне ортақ мін-
детті болуы заңды. Мыс., әр азамат 
кәмелетке толған соң әскери боры-
шын өтеуі, армия қатарына шақыры-
луы міндетті. Немесе «Табиғатты 
(өзен, су, орман-тоғайды) қорғау – әр
азаматтың парызы», – деген консти-
тутцияда жазылған мемлекеттік талап 
бар. Ол талапты орындау – қоғам 
мүшелерінің бәріне ортақ, міндетті 
заң болып саналады. Сондай-ақ, жеке 
адамдардың ар алдындағы азаматтық 
борышы болып саналатын мораль-
дық талап: әке-шешенің баланы асы-
рап сақтауға міндеттілігі немесе 
керісінше қарт ата-аналарын бала-
ларының бағып-күтуге міндеттілігі –
заң жүзінде де, моральдық жағынан 
мойын ұсынып, мүлтіксіз орындауы 
азаматтық ар алдындағы да қалыптас-
қан міндеттілік борышы. Б. – жеке 
адамның өзгелер алдындағы жауап-
кершілігінің көрінісі. Борыштың өл-
шемі, мағынасы парызға жуық. Б. –


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет