Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет96/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

БАБА
БАБА


95
Ақын оқу-білімнің адамның рухани 
жағынан қалыптасуына зор пайда 
тигізетіндігін де дұрыс көрсете білген, 
ол оқыған адамның ой-өрісінің кең 
болатындығын, оқудың адам баласы-
на көрсететін ықпалының зор екенді-
гін, он жасар оқыған баланың да ой
түюге шамасы келетіндігін; ал оқы-
маған адамның жиырма жасында да 
бала болып жүре беретіндігін айтып, 
оқу-білім арқылы адамның ақыл-
ойы, зердесі, дүние танымы өсіп оты-
рады, дегенді тұжырымдайды. Ақын 
толғауларында осы айтылғандардан 
басқа да психологиялық, педагоги-
калық мәні бар көптеген пікірлерді 
кездестіруге болады.
БАҒДАР
– субъекттің дайын, пейіл-
ді болуы; белгілі бір объекттің пайда 
болатынын күн ілгері білген кезінде 
пайда болады және осы объектке 
қатысты іс-әрекеттің орнықты мақ-
саткерлік сипатта өтуін қамтамасыз 
етеді. Психологияда Б. жануарлар-
дың мақсатқа бағытталған әрекетін, 
ағзаның алдын ала мәлім жағдаяттар-
ға бейімделуінің психофизиология-
лық механизмдерін, психикалық про-
цестердің таңдамалылығы мен ба-
ғыттылығын, тұлғаның іс-әрекетінің 
ұғынылмай реттелуінің, мінез-құлық 
қалыптасуының механизмдерін зерт-
теуде қолданылады, әлеуметтік пси-
хологияда Б. топтың мүшесі ретінде 
тұлғаның белгілі бір әлеуметтік объек-
тілерге қатынасын, әлеуметтік мі-
нез-құлықтың өздігінен реттелуі, ор-
нықтылығы және үйлесімділігі меха-
низмдерін, әлеуметтену процесін, бағ-
дардың мыс., насихат ықпалымен 
өзгерулерін зерттеу кезінде, сондай-
ақ белгілі бір жағдаяттарда тұлғаның 
мінез-құлқының ықтимал нысанда-
рын болжамдау кезінде пайдаланы-
лады. Іс-әрекеттегі бағдардың негізгі 
функциялары: а) іс-әрекеттің орнық-
ты, дәйекті, мақсатқа лайық сипатқа 
өтуін анықтайды; ә) субъектті стан-
дартты, бұрын кезіккен жағдаяттар-
ға шешімдер қабылдау қажеттілігі-
нен босатады; б) іс-әрекеттің енжар-
лығына, қырсыздығына себепші бо-
латын және субъекттің жаңа жағдаят-
тарға бейімделуін қиындататын фак-
тор ретінде де көрінуі мүмкін. Бағ-
дардың мазмұны оны туындатқан объек-
тивті фактордың, іс-әрекеттің құры-
лымындағы орнына тәуелді болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет