Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет94/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ӘУЕС
ӘУМЕ


93
БАБАТАЙҰЛЫ ДУЛАТ (1802-
1874)
– ХІХ ғ. бірінші жартысында 
қазақ ғұламаларының ішінде өзіндік 
психологиялық түйіндерімен ерекше 
көзге түскен. Ақындық өнер ерекше 
дарыған талант иесі өзінен бұрынғы 
ақын-жыраулар мұраларын бойына 
мол сіңіре білді. Ақын өмірде болып 
жатқан өзгерістерге сескене қарап, за-
ман бұзылды, әкім, молда, ишан, бай-
мырзалар азып тозды, зұлымдық үс-
тем болды деп қынжылады, бірақ бұ-
дан шығар жолды іздеп әуре болма-
ды. Әйтсе де ол өнер-білімнің пайда-
сы, жақсы мен жаманның, жомарт 
пен сараңның, бай мен кедейдің, бі-
лімпаз бен наданның бір-бірінен айыр-
машылықтарын дұрыс көрсетуге 
барынша тырысып бақты.
Дулат – адамның ақылы мен мінезі, 
жігері мен көңіл күйі жайлы көптеген 
қызықты пікірлер айтқан, жас жет-
кіншектер тәрбиесінде үлкендер өне-
гесінің алатын орнын дұрыс көрсете 
білген ақын. Мәселен, соңғы жайтқа 
байланысты ол былай дейді: «
Ата-
ананың ақылы, Қазылған қара жолмен 
тең, Жақсылардың ақылы, Гауһар 
шырақ шаммен тең».
Ақын бұл жерде ата-ананың өнегесі, 
көпті көрген даналардың сөздері 
бала тәрбиелеуде таптырмайтын құ-
рал екендігін баса көрсетеді. Ол жас-
тарға ата-анаңды, үлкендерді, тыңда-
саң жақсы адам болып өсесің, олар-
дың ақыл-өсиеті даңғыл жолдай нәр-
се, жақсы адамның ақыл-кеңесі әр 
уақытта алдыңда шырақтай жарқы-
рап жанып, саған жол көрсетіп тұра-
ды, қисық-қыңыр мінезге, теріс жолға 
түспеуіне жағдай жасайды, деп ке-
ңес береді.
Ақын осы пікірін одан әрі былайша 
жалғастырады: 
Сырын білмей бой 
салма, Атасы оның текті деп, Тұр- 
лаусыздан сөз ұқпа, Аузы оның епті 
деп, Нашардан шыққан жақсының, 
Сөзін жерге тастама
Атасы нашар өтті деп... 
Бұл шу-
мақтардан жақсы, жаман болу адам-
ның тегіне байланысты емес, тіпті
нашар адамдардан да жақсы, ақыл-
ды бала тууы мүмкін. Жақсы кісі бо-
лу бәрінен бұрын адамның өмірден 
алатын тәрбиесіне, сонан соң өзіне 
байланысты деген идея аңғарылады. 
Ақылы жоқ наданға...
Өтірік сөзің 
шын болар...Бір жаманға сөз айтсаң, 
Құлағына кірмейді, Не айтқанын 
білмейді...Шаруа десең жиреңдеп, 
Өсек десе сүйреңдеп...
деген шумақ-
тарда берекелі іспен, оқу-біліммен 
айналыспай бір құлқынның ғана 
қамын ойлап, екі ауылдың арасында 
селтеңдеп босқа жүруді ермек еткен-
дердің психологиясы жақсы көрсе-
тілген.
Дулат өлеңдерінде адамның, мораль-
дық-этикалық қасиеттері әр-қырынан 
сөз болады. Мәселен, ол қымызқұ-
мар, еңбек сүймейтін, жағымпаз, мақ-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет