Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет90/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ӘРЕКЕТ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ АК-
 
ЦЕПТОРЫ
– функционалдық жү-
йелердегі қимыл-қозғалысты, әрекет 
нәтижелерін болжап, бағалап, ойша
құрылған мақсатпен тексеріп тұра-
тын психологиялық механизмі. Ә.н.а.
шешім қабылдау барысында ес про-
цесінен шығарылатын «нәтиженің 
ақпараттық эквиваленті» болып та-
былады; организмнің мінез-құлық 
актіндегі қимыл-қозғалыстық бел-
сенділігін анықтап, нәтижені оның 
алдын ала болжамалы бейнесімен 
салыстырады: 1) пара-пар сәйкес кел-
ген жағдайда жүзеге асқан функцио-
налдық жүйе схемасы талқандала-
ды да, организм басқа мақсатты мі-
нез-құлыққа ауыса алады; 2) ішінара 
сәйкессіздік жағдайында әрекет бағ-
дарламасына түзетулер енгізіледі;
3) толық сәйкессіздік жағдайында бағ-
ӘРЕК
ӘРЕК


89
дарлау-зерттеулік мінез-құлық іске 
асады.
ӘСЕРШІЛДІК
– көңіл күйге үйле-
сімді болып келетін және тартымды-
лықпен ықпал ету. Адамның көңіл 
күйінің тез толқып, сезімге әсер еткен 
нәрселерге тез реакция жасаушылы-
ғы. Адам сезімталдығына байланыс-
ты өзіне әсер еткен нәрселердің бә-
рін де қабылдап, оларды үнемі есін-
де сақтайды. Олардың мән-жайын 
пайымдап отырады. Ә. адамның кө-
ңіл күйінің шабыты, әсерлі, күшті
ықпал етуіне байланысты туындай-
ды. Дүниенің әсемдігі мен жарасым-
дылығына әсерлену адамның көңілін 
толқытып, түрлі күйге түсіреді, әсем, 
сұлу сезімдерге алып келеді. Жан дү-
ниесіне ұнамды әсер еткен заттар 
адамды шабыттандырып, ісінің өнім-
ді және нәтижелі болуына оң ықпал
жасайды. Ә. адамның тек сезімдік 
танымы ғана емес, оның ақыл-ой ар-
қылы танып-білуіне, дүниетанымы-
ның өрістеп отыруына әсер етеді.
ӘСКЕРИ ПСИХОЛОГИЯ
– әр-
түрлі әскери іс-әрекеттердің психо-
логиялық мәселелерін, оның әлеу-
меттік тарихи жағдайларға сәйкес 
даму деңгейлерін, жауынгерлердің 
жеке басының даярлығын, әскери 
ұжымдардың жауынгерлік қабілетін, 
саяси қырағылығы мен әзірліктерін 
зерттейтін психология ғылымының 
арнаулы саласы. Кеңес үкіметі тұ-
сында әскери психология Кеңестік 
армия құрылуымен қатар пайда бо-
лып, мемлекеттің қарулы күштерін 
және Отан қорғауды қамтамасыз 
ету мақсатында дамып келді. Ә.п-
ның ғылыми астары оның теориясы 
мен практикасын жетілдіру, әскери 
қызметтегілерді оқыту, тәрбиелеу, 
оларға ақыл-кеңес беріп, солдаттар-
дың жауынгерлік рухын көтерудің 
психологиялық аспектілерін зерттеу-
ге арналады.
Ә.п-ның негізгі мәселелері: әлеумет, 
еңбек, инженерлік және педагогика-
лық психологиямен байланысты. Ә.п. 
әскери-әлеуметтік, әскери-авиация-
лық, әскери-теңіз психологиясы сала-
ларына бөлінеді. Бұл салалар ерекше 
жағдайлардағы (экстремалдық) әске-
ри құрамалардың тыныс-тіршілігін-
де туындап отыратын құбылыстар мен 
заңдылықтарды зерттейді. Ә.п. дер-
бес ғылым ретінде бірінші дүниежү-
зілік соғыс қарсаңында дүниеге кел-
ді. Онда ірі әскери құрамаларға бас-
шылық ету, ұрыс даласында жеңісті 
қамтамасыз ету мәселелеріне назар 
аударылды. Егеменді, тәуелсіз Қазақ-
стан жағдайында әскери қызметтің 
сан-саласында әскери психология-
ның іргесін қалаушы Бауыржан Мо-
мышұлы болды. Ол қазақ, орыс тіл-
дерінде «Соғыс психологиясы» еңбе-
гін жазды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет