Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет93/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ӘУЕз
ӘУЕз


92
өзгере береді, ұлттық ерекшелікті 
ұдайы қозғалыс, өзгерісте болатын 
диалектикалық прогресс деп тануы-
мыз керек».
Ұлы жазушының мол мұрасында осы 
айтылғандармен қатар, адам жаны-
ның асыл қасиеттерін талдап көрсет-
кен салиқалы ғылыми пікірлері аз 
емес. Психология ғылымы саласында 
арнаулы еңбек жазбаса да, оны қазақ-
тан шыққан жаңа типтегі психо-
логтардың бірегейі деп айтуға толық 
хұқымыз бар.
ӘУЕСТІК
– құштарлық, зауық. Ә. 
субъекттің сараланбаған, санада аң-
ғарылмаған немесе санада жеткілік-
ті түрде аңғарылмаған қажеттілігін 
білдіретін күй. Ә. өтпелі құбылыс 
болып табылады, өйткені ондағы қа-
жеттілік не өшеді, не санамен аң-
ғарылып, нақты ниетке, арманға ай-
налады. Ә. психологиялық талдау-
дың өзекті ұғымдарының бірі. Ә. –
кісінің айналасындағы әртүрлі құбы-
лыстарды көргісі, білгісі келген кез-
де туындайтын сана-сезімнің әлде де 
айқын аңғарыла қоймаған бастапқы 
көрінісі. Ә. мазмұны мен даму деңге-
йі жағынан ұнамды не ұнамсыз бо-
лып келеді. Кейбір ұсақ-түйек жайт-
тарға (біреудің жеке басының көпші-
лігіне, үй тұрмысының қандай екенін 
білуге әуестік – жағымсыз, ұнамсыз 
қарым-қатынастағы әдептілікке қай-
шылық туғызатын әуестік екендігі 
белгілі). Адамға рухани азық боларға 
қажетті нәрселерге әуестіктер (білім-
ді дамытып қалыптастыру, іс-әрекет-
ке шеберлікті арттыра беру, шаруа-
шылыққа ептілікті, икемділікті және 
отбасындағы әдепті дағдыларды мо-
лайту, құрбы-құрдастар арасындағы 
байланысты нығайту сияқты т.б.) 
жағымды әрі қолайлы әуестіктер бо-
лып табылады. Бұлардың қай-қай-
сысы да іштен туа бітетін қасиет емес,
бұлар тәлім-тәрбиенің, адамның өзін-
дік санасының қалыптасуынан туын-
дайтын ерекшеліктер. Ә-ті адам жа-
нын көп жағдайда нұрландырып, 
құлпыртуға демеу болатын құмар-
лықтан ажырата білуіміз қажет. Өмір-
лік мәні терең, адамның ойы мен 
әрекетінің негізгі бағыт-бағдарына 
елеулі із қалдыратын құмарлық қана 
көздеген мақсатқа жетуге итермелейтін 
түрткі болады.
ӘУМЕСЕР 
– мінез-қылығы ұнам-
сыз адам: алаңғасар, шолжаң, мәсе-
ленің байыбына бармай, кимелегіш. 
Мұндай адамдар үнемі күлкі, мазақ-
қа қалып, сөз естіп жүреді. Бірақ 
одан қорытынды шығармай бұрын-
ғы тіршілігімен ғұмыр кеше бере-
ді. Қазақ қаламгерлерінің шығарма-
ларында әумесерліктің сан алуан 
типтері психологиялық тұрғыдан та-
маша көрініс тапқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет