Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет89/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ӘЛСІ
ӘҢГІ


88
циялық сезімдерін де байқап отыра-
ды. Қойылған мақсаттың мазмұнына 
қарай, әңгімені бір адаммен ғана емес, 
бірнешеуімен, тіпті тұтастай топпен 
өткізуге де болады. Ә.-дің мұндай тү-
рі сыналушылардың жауабын бір-
бірімен салыстырып отыруға мүмкін-
дік туғызады. Әңгімені стенограмма-
лап отырса орынды болады. Негізі-
нен психологияда Ә. қосымша әдіс-
тердің бірі болып есептеледі.
ӘРЕКЕТ
– іс-әрекеттің шағын бөлі-
гі. Мәселен, адамның ақыл-ой әре-
кеті түйсіктену, қабылдау, есте тұту, 
қиялдау, ойлау т.б. танымдық жан 
қуаттарынан тұрады. Әрекеттің бұ-
дан басқа да түрлері көп. П.Я.Гальпе-
рин тұжырымдаған «ақыл-ой» әре-
кетінің сатылап және жоспарлы түр-
де даму деген теориясында, адамның 
ақыл-ой әрекетінің даму жолы жан-
жақты талданған. Ә. жеке мақсатты 
орындауға бағытталады. Оның орын-
дау тәсілдері операция деп аталады.
ӘРЕКЕТСІзДІК
– адамның жұмыс 
қабілетінің тоқырауға ұшырауы. Ә. 
енжарлық, жалқаулыққа соқтырып, 
ақыл мен сананың дамуына да теріс 
әсер етеді. Ә. – ешбір іс-қимылсыз
қозғалыссыздықты білдіретін мінез-
дің жағымсыз да ұнамсыз көрінісі. Ә. –
еш нәрсеге ұмтылмау. Іс-әрекеттің 
ұнамсыз, теріс түрі адамның саналы 
мақсатына жетуге деген ықылас-ын-
тасының болмауы. Ә. адамның ерік-
сіздігін, жігерсіздігін, құндылық пен
қажеттілікті жете түсіне алмайтын-
дығын байқатады. Ә. адам мінезінде-
гі жалқаулық пен енжарлық сияқты 
ұнамсыз сипатты білдіреді. Ә-тің 
бір ерекшелігі: мойны жұмысқа жар 
бермейтін еріншектік. Ұлы Абай «ерін-
шектік күллі дүниедегі өнердің дұш-
паны» деп анықтаған.
Ә. мінездегі ұнамсыз сипат ретінде 
адамның жұмыс істеу қабілетін то-
қырауға душар етуімен бірге, оның 
ақыл-ойы мен санасының дамуына 
да теріс ықпал етеді, әрбір нәрсенің, 
құбылыстардың мән-жайын пайым-
дап түсінуіне кедергі жасайды. Ха-
лық даналығы «әрекет етсең берекет» 
дейді. Бұл мәтел өнегелі сөз ретінде 
адам мақсат-мүддесіне жету жолында 
үнемі еңбекпен айналысып отыру 
қажет деген адамдық қасиеттің өзін-
дік белгісін білдіреді. Баланың ақыл-
ойы мен денесінің дамуы да әрекет-
шілдікке тәуелді. Ә. баланың қимыл-
қозғалысын жарамсыз етіп, ақыл-
есінің дамуын тоқыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет