96
йін байдың қойын бағады.
Бозбала
шағынан бастап бар ықласын, талап-
тілеген ақындық өнер жолына ба-
ғыштайды.
Бұқара халықтың мұң-
мұқтажын көксеп жырлағаны үшін
үстем тап өкілдерінің қудалауына ұшы-
райды. Қазалы мен Үргеніштің түр-
мелеріне де түседі. Өзі тұстас әйгілі
сөз зергерлерінің (Шернияз, Мұсабай,
Нысанбай, Ешнияз, Бұдабай, т.б.) үл-
гісімен өз өнерін әрмен қарай өріс-
тете, шыңдай түседі. Толғау, сөз саптау
ерекшелігіне қарағанда Базар жырау
Бұқар мен Махамбет мектебіне көбі-
рек еліктегенге ұқсайды. Тілі шешен,
жалпы көпшілікке түсінікті, өмір шын-
дығынан туған тебіреніс-толғаныста-
ры мол. Жырау шығармаларында жас
жеткіншектерге үлгі-боларлықтай тә-
лімдік
тұжырымдар да көптеп кез-
деседі. Бұларда шешендік өнерге
жетілу,
жақсы мен жаман адамның
айырмасы, жігіттіктің, кісіліктің өл-
шемі, достықты қастерлеу, ғашықтық
пен жар сүюдің мәселелері әрі тар-
тымды, психологиялық жағынан на-
нымды баяндалады.
Достарыңызбен бөлісу: