Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет98/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

БАЙҚАҒЫШТЫҚ 
– адамның жақ-
сы қасиеттерінің бірі. Байқағыштық- 
кез келген уақытта көзге ілінбейтін, 
ілінсе де оған көбінесе мән беріл-
мейтін нәрселерге ерекше зейін қою-
шылық. Мәселен, бүркіт пен тазы-
ның арасындағы шайқастың ұсақ-
түйектерін тек жақсы аңшы ғана бай-
қай алады. Осы суретті А.Құнанбаев 
«Қан сонарда бүркітші аңға» деген 
өлеңінде жақсы көрсеткен: «Біреуі 
көк, біреуі – жер тағысы, Адам үшін 
батысып қызыл қанға, Қар аппақ, 
бүркіт қара, түлкі қызыл, Ұқсайды 
қаса сұлу шомылғанға» – «қар аппақ», 
«бүркіт қара», «түлкі қызыл» деген 
тіркестерде кез келген адамға байқала 
бермейтін көріністер сөз болып отыр. 
Мұндай сөздерді осы нәрсені өте же-
тік білетін адам ғана айта алады. Бай-
қағыштық жаңа фактілерді білуге 
құмарлықты, олардың егжей-тегже-
йін білуді, адамның әрдайым қабыл-
дауға даярлығын тілейді.
Сонымен қатар жіті көру мен қалт-
қысыз естуді, бір зат пен екінші зат-
тың байланысын аңғара білуді қа-
жет етеді. Байқағыштық қасиет – 
адамның өмір сүрген ортасына, ал-
ған тәлім-тәрбиесіне, мамандығына, 
айналысқан кәсібіне байланысты. 
Осы айтылғанды да көптеген фактілер 
дәлелдейді. Мәселен, Австралияның 
абориген тайпасының балалары шөл
даладағы мың сан «белгілерді» қате-
сіз оқи алады, құмға түскен ізге қа-
рап, көптеген «құпия сырларды» аша-
ды. Олар қандай құстың ізі суатқа 
келетінін, кенгурудың тырнағы тиіп, 
аударылып түскен жалпақ тастың 
жерге қарап жатқан бетінің аз-маз өз-
гергенін, ізге қарап адамның оң иы-
ғында ауыр заттың барлығын, бойы-
ның ұзындығын, денесінің салмағын 
табады. Байқағыштық – өмірдің әр
саласы үшін өте қажетті қасиет. Бай-
қағыштық әсіресе ғылыми жұмыста, 
мұғалімдік қызметте, ақын-жазушы-
ның өмірінде ерекше орын алады. 
Қабылдаудың кейбір түрлері (көру,
есту, қозғалыс, сипай сезу) түйсік-
тердің түрлеріне қарағанда күрделі 
болады. Демек, қабылдауда бірнеше 
анализаторлар бірлесіп жұмыс істей-
ді. Мәселен, қозғалыс анализаторы-
ның қабылдаудың барлық түрінде де 
кездесетіндігі біздің осы айтқаны-
мызға дәлел бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет