104
тағдырға бой ұсынуы, жаман жолға
түспеуі –
барлығы да ақылдың ар-
қасы деп, тұжырымдайды Жүсіп өз
философиясын.
«Құдатғу білікте» жоғарыда ескерт-
кеніміздей дәуір тілімен айтылған
ғибратты сөздер көп. Мұнда бүгінгі
күн талабына қайшы келмейтін
әртүрлі
әлеуметтік, философиялық,
этикалық, эстетикалық, тарихи, гео-
графиялық, педагогикалық, психоло-
гиялық деректер де аз емес. Дастан
лингвистикалық тұрғыдан біршама
зерттелген деуге болады. Ал
басқа
ғылымдар тарапынан жүргізілген
зерттеулер әзірге бізге мәлім емес.
«Құдатғу біліктің» он бес тарауы
түгелдей дерлік моральдық, психо-
логиялық
мәселелерді әр қырынан
сөз етеді. Бұлардың бірінде адамға
білім мен ғылымның не үшін қажет
екендігі айтылса, енді бір тарауларда
бақытқа жетудің жолдары, адамның
жақсы-жаман
қылықтары сөз бола-
ды. Мұнда сондай-ақ сөз өнері, ше-
шендік қасиет дәріптеледі, ел би-
леушілер мен әкімдерге қажетті си-
паттар әртүрлі әлеуметтік топтардың
бір-бірінен айырмашылықтары (ақын-
дар,
дін иелері, уәзірлер, шаруалар,
саудагерлер, ғалымдар, диқаншылар,
көпестер, қол өнершілер т.б.) жайлы
сөз қозғалады. Дастанның 52-тарауын-
да жанұяда ұл мен қызды қалай тәр-
биелеу керек, оларды оқытудың жол-
дары, бала тәрбиелеудегі ата-ананың
рөлі тағы осындай мәселелер сол за-
ман тұрғысынан сөйленеді.
«Құдатғу біліктегі» ел басшылары-
ның әлеуметтік – психологиялық ерек-
шеліктері, адамдардың жақсы-жаман
қасиеттері, білім мен ғылымның ма-
ңызы туралы айтылған пікірлер педа-
гогикалық және психологиялық тұр-
ғыдан
оқырман назарын өзіне ауда-
рады. «Құдатғу біліктің» 29-30 та-
рауларында X-XII ғасырлардағы
Қараханид мемлекетінің ел билеген
басшылары мен ізгі жақсылары ту-
ралы сөз болады. Автор бұларды жұрт-
қа идеал етіп ұсынады, оларға елік-
теп үлгі-өнеге алу қажеттігін айтады.
Баласағұндық Жүсіп басшы атаулы-
ға тиянақты білім, мол тәжірибе қа-
жет дейді. («Ақылмен іс қылған бек
елге сүйкімді болады», «Халқының
ауыртпалығын
олармен бірге көтер-
ген адам – басшының төресі», «Жақ-
сы қызметкер төменнен төрге бара-
ды»). Автордың ойынша, әрбір бас-
тық
жан-жақты, әмбебап білімді,
ақыл-ойы ерекше жетілген, білгір
адам («Ақылдылықпен ел биле, бі-
лімділікпен жұртты аузыңа қарат»,
«Ел
ағасының мінез-құлқы жайсаң,
сезімтал болсын», «Жақсы адам ғана
жақсы басшы бола алады», «Бастық
әр кез өзінің көзі мен құлағын айна-
ласына тігіп отыруы тиіс», «Бегің ра-
қымды, қарапайым, әділ болса, ерге
де, елге де ең жоғары бақыт сол бо-
лады»). Бастық айналасындағы адам-
дарды бес саусағындай біліп отыруы
тиіс. Ол қарамағындағылардың пси-
хологиясын сыртқы келбетінен де, іш-
кі жан дүниесінен де аңғара алатын-
дай болсын. Ол жұрттың жақсы-жа-
ман қылықтарын әділ бағалап, қате-
лігі үшін жаза беріп отыруы тиіс.
(«Егер қарамағындағы кісі қателес-
се, оны шақыртып алып, не себептен
қателескенін сұра»). Ел басы, халық
ағасы табанды да, қайсар, ерік-жігері
күшті адам болғаны абзал. («Ол қа-
бандай қайсар, сауысқандай сақ, қар-
лығаштай қырағы болсын»). Бастық
Достарыңызбен бөлісу: