100
мауы саусақтардағы ұсақ бұлшық
еттерге байланысты деп түсіндіреді.
Байтұрсынов орыс ғалымының пі-
кiрлерін былайша жалғастарады:
«Менің оған қосатыным – қарды жаю-
дан жию жеңілірек. Солдан оңға қа-
рай жазғанда қол қардың жайылатын
жағына қарай жылжиды, жылжыған
сайын қиындайды... Араб әрпімен
жазғанда стенограф жазуымен жаз-
ған сияқты қолдың қимылы көбінесе
ұсақ болып келеді. Ирегінің ұсақты-
ғы жазуды жеңілдетіп, шапшаң жа-
зуға қолайлы... латын жазуымен са-
лыстырғанда қол сермеуі бармақ нүк-
телерін қосып есептегенде, латын-
дікінен 25-30 % кем болып шығады».
Халқымыздың осынау біртуар ғалы-
мы араб грамматикасының оқу, жа-
зуға латын харпінен гөрі әлдеқайда
тиімділігін психологиялық тұрғыдан
пайымдай келіп, өз ойын былайша
тұжырымдайды: «араб әрпімен жаз-
ғанда да, оқығанда да оңай, сауат ашу
үшін баспаханада әрiп теруге де ол
латын таңбасынан әлде қалай тиім-
ді, – дей келіп, латыншаға көшу ке-
рек деп жүргендерді «еріккен адам-
дардың ермегі есебіндегі құр қиял», –
дейді. А.Байтұрсынов өмірiнiң соң-
ғы сәтіне дейін, өзі түрлеген, өзі ре-
форма жасап жетілдірген қазақтың
жаңарған жазу үлгісін осылайша ғы-
лыми негізде дәлелдеп, қызғыштай
қорғап өтті. Ғұлама ғалымның те-
легей-теңіздей рухани мұрасында
осы айтылғандардан басқа да пси-
хологиялық мәні терең ой-тұжырым-
дары көптеп кездеседі. Бұларды са-
ралап, зерттеп, халық игілігіне ай-
налдыру – қазақ психологиясының
келешектегі міндеті, парызы болмақ.
БАҚЫЛАУ ЛОКУСЫ
– адамның
өзін, өз қылығын немесе айналада-
ғылардың жүріс-тұрыстарының се-
бептерін субъективті сипаттайтын
түсінік. Ішкі бақылау локусы – ол
өз қылықтарының себептерін іздеуі,
ал сыртқы бақылау локусы – ол қы-
лық себептерінің адамнан тыс оны
қоршаған ортада локализациялануы.
Б.л. ұғымын енгізген американ пси-
хологі Ю.Роттер.
Достарыңызбен бөлісу: