101
(қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қа-
тарынан оқыту мәселесі)
сөз болып
жүр. Бұл концепцияға екі тұрғыдан
қарау керек. Біріншіден, кез келген
балаға 5-6 жастан үш тілді қатар оқы-
туға болмайды.
Бұл ғылымға қарама-қарсы түсінік. Ал,
туысынан нышаны бар тілді меңгеру
қабілеті байқалған балаларға арнау-
лы мектептерде үш
тілді қатарынан
оқытуға болады. Жалпы бір кездерде
Ы.Алтынсариннің жолын қуған бел-
гілі орыс ағартушысы А.Васильев,
кейіннен А.Байтұрсынов 5-сыныпқа
дейін тек қана ана тілін оқыту қажет,
өзге тілдерді араластырмау керек дей-
тін болатын. Бірақ қазір заман бас-
қа, ғылыми прогресс ғарыштап да-
ми түсуде, жаһандану үрдісі әлем-
ді жайлаған кез. Жалпы үш тұғырлы
тілді қатар оқыту идеясы физиоло-
гия, психология,
антропология ғы-
лымдарымен негізделмеген. Бірне-
ше тілді қатарынан оқытуды өткен
ХХ ғасырдың басында ғалымдар
пікір сайысқа салған. Сонда Л.С.Вы-
готскийден басқалары бірнеше тіл-
ді қатарынан
оқыту баланың өзінің
ана тілін меңгеруге кедергі (интер-
ференция) келтіреді деген еді. Ке-
йіннен осы мәселеге қатысты әлемдік
деңгейдегі ғалым физиолог А.А.Ух-
томский (1875-1942) өзінің «доминан-
та» деп аталатын теориясымен негіз-
дей түсті.
Бұл теория бойынша адам миына
үнемі түсіп отыратын көптеген ті-
тіркендіргіштер мидың әр алабынан
қозу тудырады. Сол қозулардың іші-
нен біреуі басым келіп өзіне қалған
шағын, әлсіз қозуларды тартып, одан
сайын күшейеді. Мұның нәтижесін-
де біреуі мида өктемдік жасайды, мұ-
ны Ухтомский доминанта (үстемдік
етуші қозу) деп атаған. Енді қатары-
нан оқылатын үш тілдің миға әсер
ету жағдайына келетін болсақ, бұлар
мида үш жерде қозу тудырады да
қайсысы басым болса, қалған екеуін
басып тастайды. 6-7 жасар бала сөй-
тіп мидағы үш түрлі
қозуға тап ке-
леді. Қазіргі кездегі заманауи жағ-
дайды ескеретін болсақ, мұнда ағыл-
шын, одан соң орыс тілінің тітір-
кендіргіштері мида өктемдік жасап
ана тілімізді (қазақ тілін) басып тас-
тауы ықтимал. Қазақша айтқанда
мида «қай жеңгенің менікі» дегендей
үш тілден
туындайтын мидағы сөз
реакциялары өзінің күшіне қарай ал-
ға шығатындығы даусыз. Доминанта
теориясы адамның бүкіл психикасы-
на, мінез-құлқына да өктемдік жасай-
ды. Мұны сол кездері И.П.Павловтың
«Мидағы қозудың өктемдік етуі»
дейтін теориясы да растаған. Ғылы-
ми тұрғыдан алып қарағанда осы үш
тұғырлы тіл концепциясы ғылыми
дәлелдігі жағынан ақсап тұр. Сон-
дықтан да осы концепцияны өз ор-
нымен басшылыққа алу керек.
Достарыңызбен бөлісу: