Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет104/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

БАЛАЛЫҚ
ШАҚ
– онтогенездің 
алғашқы кезеңін сипаттайтын тер-
мин, яғни кәмелетке толмаған балғын 
шақ. Психология ғылымында адам-
ның даму процесі бірнеше кезеңнен 
тұрады. Баланың туғаннан бастап, 
мектепке барғанға дейінгі кезеңін 
төрт шаққа бөліп қарастырады: 1) бө-
бектік шақ (туғаннан 1 жасқа дейін); 
2) сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа 
дейін); 3) мектеп жасына дейінгі ке-
зең (3 жастан 7 жасқа дейін); 4) төмен-
гі сынып жасындағы балалар (6-7,
10-11 жас). Психикалық дамудың бір-
БАЛА
БАЛА


102
дей жас шағы кезеңіндегі балаларды 
біріктіретін негізгі психикалық бел-
гілер – олардың қажеттіліктері мен 
мүдделері, осыдан туындайтын бала 
іс-әрекеттерінің түрлері мен олардың 
қоршаған ортаға көзқарастары. Олар-
дың дамуының ерекшеліктері іс-әре-
кеттеріне байланысты болады. Мыс., 
нәресте үшін жетекші іс-әрекет үлкен-
дермен эмоциялық қарым-қатынас 
болса, сәбилік шақтағы бала үшін зат-
тық іс-әрекет, мектепке дейінгі ба-
лалық шақтағылар үшін ойын болып 
табылады. Б.ш. кезеңіндегі қоғамның 
әлеуметтік-экономикалық, этномәде-
ни жағдайының әсері баланың бола-
шақта қабілетінің дамып, жеке тұлға 
ретінде қалыптасуына үлкен әсер етеді.
БАЛАСАҒҰНИ ЖҮСІП (ХІ ғ.) 

Түркі халықтарының біразына ортақ 
(қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ т.б.) 
аса ірі ойшыл ғұлама. Оның «Құдатғу 
білік» деп аталатын негізгі шығарма-
сы сол кездегі тәлім-тәрбиеден елес
беретін тамаша туынды болып табы-
лады. Бұл еңбек – дидактикалық, 
моральдық – этикалық сарында жа-
зылған шығарма. «Құдатғу білік» –
түркі сөздері. Мұның біріншісі, «Құ-
датғу», «құт», «бақыт», «құтты», ал 
екіншісі «сөз» – «білік», «білім», «кі-
тап» деген мағынаны білдіреді. Олай 
болса, «Құдатғу білікті» қазақша «бі-
лімді құтайтушы кітап», «бақытқа же-
тудің ғылымы» деуге де болады. Кі-
тап 85 тараудан, 6500 өлең жолынан 
тұрады. Дастан оқиғасына аз ғана 
топ қатысады. Автор мұндағы төрт 
кейіпкерді төрт қасиеттің 
(әділет, 
дәулет, парасат, қанағат) иесі етіп 
алады. Дастан төрт кейіпкердің 
арасындағы бақыт туралы сөз жа- 
рысына
– диалогқа құрылған. Шы-
ғарманың бұл ерекшелігі бізге айтыс
жанрының тууы жайында да көпте-
ген қызықты деректер береді. Кітап 
Қараханид мемлекетін нығайту, оның
даңқын зорайту мақсатында жа-
зылған.
«Құдатғу біліктің» авторы Жүсіптің 
туып, өсіп, тәрбие алған жері он-
ша қашық емес, сол кезде қаңлы тай-
пасының астанасы болған. 1069-1070 ж.
жазылған. Қолжазбаның авторы жө-
нінде кітап кіріспесінің 3-бетінде бы-
лай делінген: «Бұл кітаптағы өлеңді 
жазған кісі Баласағұнда туған. Ол бұл
кітапты Қашқар елінде жазып, жазу-
шыға Қараханидтердің шаһы Тавғаш 
Арсланхан Бұғра – Текинге тарту 
етеді. Шаһ ақынның осы дастаны 
үшін оған «Хас – Хаджиб» («құпия 
министр») деген атақ береді.
Осыдан барып жазушының «Жүсіп
хан – Хажиб» деген атағы жер жүзі-
не тарап кетеді. Қолжазбаның түп 
нұсқасы белгісіз. Бізге оның үш кө-
шірмесі жеткен. Біріншісі – 1439 ж. 
Герат қаласында ұйғыр жазуымен 
(қазір ол Вена кітапханасында), екін-
шісі – XII ғасырдың орта шенінде Мы-
сырда араб жазуымен (Каир кітап-
ханасында) XII ғасырдың аяғында 
жазбаша көшірілген үшінші түрі –
1914 ж. Наманган қаласынан табыл-
ған. «Құдатғу білік» («Құтты кітап» 
немесе «Құт негізі білік»). Дастанның 
мазмұнын ұғыну қиынға соқпайды, 
ол қарапайым тілмен жазылған. Жа-
зылу стилі жағынан ол араб-парсы 
поэзиясымен, әсіресе, Фирдоусидің 
атақты «Шахнамасымен» үндес. Ба-
ласағұндық Жүсіптің, «Құдатғу бі-
лікті» түркі тілінде жазуы, сөйтіп, 
оның өз ана тілін аса қадір тұтып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет