Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет84/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ӘЙТЕ
ӘЛЕУ


83
аталған бағыттардың әрбірі зертте-
лінетін феномен талаптарының бі-
ріне ғана баса назар аударады. Ә. 
әлеуметтік мінез-құлықты реттеудің 
диспозициялық тұжырымдамасы шең-
берінде қарастырылады, мұнда қо-
ғамдық қарым-қатынасқа қосылу дә-
режесіне байланысты әлеуметтік мі-
нез-құлықты реттеу жүйесін жинақ-
тайтын диспозициялық иерархия 
қалыптасады.
Психологтар көп уақыт бойы әлеу-
меттенуге – институттандырылған 
білім беру жүйелеріндегі тәрбие про-
цесі ретінде баса көңіл бөліп келді. 
Әйтсе де, қазіргі кезде зерттеу пәні 
ретінде жекелей алғанда, бейресми 
бірлестіктерде, стихиялы түрде пай-
да болған топтарда және т.б., яғни 
ресми құрылымдардан тыс өтіп жат-
қан процестерде қамтылуда. Адамның 
түрлі әлеуметтік қоғамдарға, әлеу-
меттік қатынастық жүйелерге инте-
грациясы, өзінің тұлғалық қасиет-
терінің дамуына ықпал ететін мәде-
ниетті, әлеуметтік нормалар мен ба-
ғалылықтарды меңгеруі. Әлеуметтік 
бейімделу – адамның әлеуметтік ор-
таның жағдайларына және талап-
тарына белсенді бейімделу үрдісі жә-
не нәтижесі. Әлеуметтік бейімделу –
адамның не ұжымның өзіне әсер ете-
тін сыртқы жағдайларға бейімделуі.
ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯ

адамдардың әлеуметтік топтарға қо-
сылуынан туындаған мінез-құлық жә-
не әрекет заңдылықтарын, сондай-
ақ осы топтардың өздерінің психо-
логиялық сипаттамаларын зерттейтін 
психология ғылымының саласы. 
Әуелде әлеуметтік-психологиялық 
көзқарастар әртүрлі философиялық 
тұжырымдамалар ауқымында, сон-
дай-ақ нақты ғылымдардың, ең ал-
дымен, психология мен социология-
ның, антропологияның, этногра-
фияның, криминологияның, тіл бі-
лімінің, педагогиканың ішінде тал-
дап белгіленді. XIX ғ. екінші жарты-
сында ғана дербес әлеуметтік-психо-
логиялық тұжырымдамалар: «халықтар 
психологиясы» (М.Лацарус, Г.Штейн-
таль, В.Вундт), «бұқара психология-
сы» (С.Сигеле, Г.Лебон), «әлеуметтік 
мінез-құлық инстинктілері теория-
сы» (У.Мак-Дугалл) жасау тұрғы-
сындағы алғашқы әрекеттер болды. 
Әлеуметтік психологияның сан қилы 
мәселелері әл-Фараби еңбектерінен 
елеулі орын алған ғылыми пробле-
малардың бірінен саналады. Әбу На-
сыр әл-Фарабидің ұғымынша әлеу-
меттік топтардың ең үлкені адамзат 
қоғамы, халықтар бір-бірінен үш ерек-
шелігімен ажыратылады дейді.
Бұл айтқандарға әрбір халықтың 
табиғи әдет-ғұрпы мен салт-санасы, 
мінез бітістері мен тіл ерекшеліктері 
жатады. Фараби түрлі тайпалар мен
халықтардың психологиялық ерек-
шеліктерін көп жағдайда география-
лық ортаға қарай түсіндіреді. «Ізгі қа-
ла тұрғындарының көзқарасы тура-
лы трактат» деген еңбегінде Фараби 
осындай топтардың әрқайсысына 
жеке-жеке сипаттама беріп, бұларды 
әлеуметтік психологияның негізгі ка-
тегориялары ретінде ұсынып, ғылы-
ми талдау жасайды. Әлеуметтік пси-
хологияны біз мақал-мәтелдерден де
байқаймыз. Мәселен, «Бір данаға 
жол берсең, жанған отқа күймейсің», 
«Мың қосшыға бір басшы», «Жасық-
тың көбінен де асылдың азы жақ-
сы», «Басшысын таппаған ел азады, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет