75
неше топқа бөлінеді. Мұның бірін-
шісіне кедей-кепшіктер жатады. Фа-
рабидің ұғымынша, бұлар ерекше
қамқорлықты қажет ететін адамдар.
Мұндайлардың мұң-мұқтажын қана-
ғаттандыруды үнемі естен шығармау
керек. Егер адам кедейлігін айтып
босқа мүләйімситін болса да, бірден
жазғырмай аздап көмектесу қажет, яғ-
ни оның тауын шақпаған дұрыс. Ал,
шын мағынасындағы жарлы адамға
ерекше көмек жасау қажет. Фараби
осындай топ өкілдерінің біріне мед-
ресе шәкірттерін жатқызады. Кейбір
шәкірттер, – дейді ол, – білім алуды
өздерінің қара басының қамы үшін
пайдаланғысы келеді. Бұл өте жаман
әдет. Мұндай шәкірттердің ісін сын
көзбен қарап, теріс мінездерін алды-
мен өздеріне түзеттіру жағын ойла-
ған жөн. Ал, мінезі әуелден түзу шә-
кірттерге білім ешбір қиындықсыз қо-
нады. Осыларды оқытып, тәрбиелеу-
ге ешуақытта да жалықпау керек.
Ұстазының жәрдем беріп, көмектесе-
тіні де осындай шәкірттер, – дейді
ұлы ғұлама.
Ізгі қала тұрғындарының үшінші то-
бына әлеуметтік жағдайы барша жұрт-
тан жоғары тұратындар жатады. Бұл
категорияға кіретіндер – қала басты-
ғы, оның әртүрлі жәрдемшілері мен
серіктері. Фарабидің айтуынша, бұ-
лардың да жақсы қылығын мадақтап,
әділдігін жұртқа айтып отыру керек. Ал
қала бастығының кемшілігін тікелей
айтпай, жанамалап, үлгі-өнеге түрін-
де, мақал-мәтелдер арқылы салысты-
ра, яғни астарлы әсем сөздермен ғана
сырласып отырулары тиіс. Осылайша
өмір сүрген адам ғана өзіне де, өзінің
қаласына да қиянат етпей, ар-ожданы
таза адам болады. Фараби қоғамдық
(әлеуметтік) психология саласында өз
заманы үшін сындарлы пікір айтқан
ұлы ойшыл. Оның осы мәселеге орай-
лас көптеген пікірлері қазіргі әлеу-
меттік психологияның кейбір ғылы-
ми қағидаларымен үндесіп жатқан-
дығы былай тұрсын, бұлары, тіпті,
өзінің оригинальдығымен, күн тәрті-
біне алғаш қойылуымен жұрт наза-
рына бірден түседі. Біздің ойымыз-
ша, Фараби осы мәселе жөнінен де
бүкіл Шығыс әлемінде алғаш ой тас-
тап, өзін биіктен көрсете білген, өре-
сі жоғары әмбебап ғұлама.
В). Фарабидің ән мен музыка жайлы
толғаныстары. Оның осы төңіректегі
ой-тұжырымдарын сөз еткенде біз ал-
дымен оның музыка саласында тұ-
жырымдаған басты принциптерін қа-
растыруымыз керек. Әбу Насыр әл-
Фарабиден бұрын музыка теориясы
жөнінде біршама ғылыми пікір айт-
қан Пифагор мектебінің өкілдері еді.
Фараби болса өзінен бұрынғы музы-
ка теоретиктерінің айтқандарын те-
рең зерттеп, олардың кем-кетік, ша-
лағай жерлерін ғылыми сарапқа са-
лып түсіндіреді.
Фараби музыканы математиканың ірі-
ірі жеті тарауының бірі деп санайды,
ол оны екі тұрғыдан қарастырады.
Мұның біріншісі – практикалық музы-
ка да, екіншісі – теориялық музыка.
Ғұлама, сөйтіп, музыканы ғылымның
белді бір саласына жатқызады да, оны
басқа ғылымдармен (математика, пси-
хология, этика, философия т.б.) қосар-
ластыра қарайды. Ұлы ғалымның
музыка саласындағы еңбектері жайлы
«Философиялық трактаттардың» ал-
ғы сөзінде былай делінген: Ибн Сина-
ның даңқы, ең алдымен, «Медицина
каноны» арқылы шыққан болса, әл-
Достарыңызбен бөлісу: