43
ға да,
әйел адамға да тән психоло-
гиялық қасиеттерді қатар үйлестіретін
индивидтің жыныстық-рөлдік сәйкес-
тілігі. Бірнеше онжылдықтар бұрын
ата-аналар мен мұғалімдерге балалар-
дың мектепке бару кезеңіне қарай өз
жынысына тән мінез-құлықты игеру-
ге бар күш-жігерлерін салу ұсынылған.
Көптеген зерттеулер ер адамдар мен
әйелдер арасындағы психологиялық
айырмашылықтар
жыныс арасында-
ғы айырмашылықтан гөрі, ер балалар
мен қыздардың отбасылық тәрбиесі,
сондай-ақ оларға әлеуметтік ортаның
әсер етуі салдарынан пайда болып да-
митынын көрсетті. Ер адамдарға (мас-
кулиндік) және әйелдерге (феминин-
дік) тән қасиеттер өзара тәуелсіз си-
паттамаларға ие болып, бірімен бірі
түйіспейтін жекелеген екі континиум-
дерде ғана орналасуы мүмкін. Феми-
нинділік пен маскулинділік деңгейін
өлшейтін көптеген тестілер осы прин-
ципке негізделген.
Осы тестілердің негізінде әрбір адам
өзінің ер немесе әйел екеніне қатыс-
сыз мына төрт топтың біріне жатуы
мүмкін:
1) маскулиндік индивидтер (атаққұ-
марлық, табандылық, батылдық тәріз-
ді дәстүрлі еркектік қасиеттері айқын
танылатын адамдар);
2) фемининдік индивидтер (аффек-
тивтілік, жұмсақтық секілді әйелге тән
қасиеттері басым адам);
3) андрогиндер, өз бойында дәстүрлі
әйелдік әрі еркектік қасиетті үйлестір-
гендер;
4) маскулиндік немесе фемининдік бел-
гілері көмескі, яғни психологиялық
жыныстық сәйкестігі айқындалмаған
адамдар.
Бұдан байқалатыны: андрогинияның
адамның
жағдайға байланысты мі-
нез-құлқын өзгерте алу қабілетінің пси-
хологиялық сипаттамасын айқындау-
да маңызы зор екендігі. А. стреске (ти-
тықтау) қарсы табандылық таныту-
да, тұрмыс-тіршіліктің әртүрлі сала-
сында табысқа қол жеткізуге септігін
тигізеді. Бұл жағдай әрі қарай психо-
логиялық дезадаптация проблемасын
болдырмаудан туындаған. Ал қазіргі
заманда
психологиялық әдебиеттер-
де тек маскулиндікке немесе феминдік-
ке бір жақты екпін жасау әйелдердің
де, еркектердің де эмоциялық және
интеллектуалдық
дамуын шектей-
тіні жөніндегі көзқарастар көптеп
таралуда. Психологтардың тұжырым-
дауынша,
бір адамның өзінде пози-
тивті еркектік және әйелдік қасиеттер
де бола алады. Еркектер де, әйелдер
де бірдей атаққұмар, сенімді, адал,
мейірімді, нәзік, сезімтал бола алады.
А. әдеттегіден
өзгеше болатын тәр-
биенің нәтижесінде қалыптасады,
яғни егер отбасында ата-аналар А.
тұлғаларға тән мінез-құлық моделін
көрсетсе, ал
екіншісі оны қолдаса,
бала олардың осындай ұстанымын
және мінез-құлқын меңгеріп алады.
А. адамның стреске төзімділігін, мі-
нез-құлық икемділігін, өмірдің түрлі
аумақтарында сәттілікке жетуді қам-
тамасыз етеді. Сондықтан кейінгі кез-
дегі жыныстық психологиялық зерт-
теулер
тек феминдік немесе муску-
линдікті қалыптастыру мәселесімен
ғана емес, сондай-ақ А. да қалыптас-
тырудың әдіс-тәсілдерін іздеу жолында.
Достарыңызбен бөлісу: