37
жазды ол, – мәндірек әңгімелер ке-
рек болады. Мысалдарды қазақ бала-
ларының оқығысы келмейтінін, оқы-
са күлетінін, ал олардың ата-анала-
ры: балаларымызға сауысқан мен қар-
ға сөйлеседі деген сияқты жоқ нәр-
сені үйретеді деп, тіпті ренжитінін
тәжірибемнен білемін. Қазақ бала-
ларына, меніңше, мағыналы анек-
доттар, жұмбақтар, ойына ой қосатын
әңгімелер немесе оларды қызықты-
ратын, мысалы жібек құртының көбе-
лектерінің өзгерулері, құндыздың
өзіне үй салып алатыны сияқты әңгі-
мелер тәуірірек болады».
Алтынсариннің қазақ балаларына
орыс тілін үйрету жөнінде айтқан пі-
кірлерінің қазіргі күн талабымен ұш-
тасып жатқан жерлерін ерекше атап
өткен абзал. Мәселен, ол шәкірттердің
алдымен орысша ауыз екі сөйлесуін
дамытуды ойластырып, бұл үшін
арнаулы дайындық сабақтарын өткі-
зу қажет дейді. Оның осы пікірлерін-
де де қазақ балаларының психология-
лық ерекшеліктерімен санаспайын-
ша, яғни екінші тілді үйрету үшін
оларға арнаулы жағдай жасамайын-
ша оқыту ісі қиынға соғады деген тама-
ша идея жатыр. Қазақ мектептеріндегі
орыс тілін оқытуда соңғы жылдарға
дейін Ы.Алтынсарин ұсынған осы
ұсыныстар ескерілмей келгені бізді
қынжылтады.
Ы.Алтынсариннің тәрбиеші ұстаз,
мұғалімдік өнер жөніндегі айтқанда-
рында психологиялық түйіндер аз емес.
Ол оқу-тәрбие процесіндегі мұғалім
рөліне айрықша маңыз береді, мектеп
ісінің сан-саласындағы жетістіктерді
мұғалімнің білімі мен іскерлігіне,
беделі мен өз жұмысын жан-тәнімен
сүйе білуіне байланысты деп түсінді.
«...Қазақ мектептерінің бар келешегі
– деп жазды ол,- көбінесе істің қазіргі
басталуына байланысты, сондықтан
да мен қазір жақсы оқытушыны дү-
ниедегі заттың бәрінен де қымбат кө-
ремін». Ол, әсіресе, Торғай облысында
өзі инспектор болған жылдарында
(1879-1889) мұғалім проблемасына,
оның жеке тәлімгерлік қасиеттеріне
ерекше көңіл бөлген еді. Ы.Алтынсарин
мұғалімдердің оқыту тәсілдерін үне-
мі жетілдіріп отыруын, олардың «пе-
дагогикалық және оқытушылық» тә-
сілдерді меңгеру қажеттігін баса айт-
ты. Ол мұғалімдердің алдына мынадай
міндеттер қойды: нағыз мұғалім бо-
лу үшін шәкірттердің, өзіндік ерекше-
ліктерімен мықты санасу қажет, ол
үшін педагогикалық әдебиеттерді үне-
мі оқып, қадағалап отырмаса болмай-
ды. Мұғалімге аса сезімтал, бала жа-
нын жазбай танитын адам болу қажет
екенін айта келіп, ол оқу-тәрбие сала-
сында ізденбейтін мұғалімдерге қат-
ты ренжиді. «Мұндайлар, – деп жаз-
ды ол, – оқушыларды адастырады,
сонан кейін қойылған сұраққа оқушы-
лардың жауап бере білмегеніне ренжіп,
өздері де ашулана бастайды, тіпті
оқушыларға өшігуге дейін барады.
Содан кейін оқушыларды бұрынғыдан
да адастырады, мүлде шатастырып,
оларды тіпті ешбір жауап бере алмай-
тын халге жеткізеді» дей келіп, сабақ
беру методикасы төмен мұғалімдерді
ол «баламен түсінісе алуға шорқақ, да-
рыны жоқ адам» деп сипаттайды. «Оқы-
тушыларды бағалағанда, – деп жазды
Ы.Алтынсарин, – олардың іске қаты-
сы жоқ сөздеріне қарап емес, олар-
дың егістерінің бетіне шыққан жеміс-
теріне, яғни оқушыларына қарай ба-
ғалау қажет».
Достарыңызбен бөлісу: