Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет33/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

АЛҒАШҚЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ.
(Нә-
ресте-бал бөбек) – Өмірге жаңа кел-
ген нәресте күн санап өсіп отырады. 
Мәселен, оның өсуі туған кезіндегі-
сімен салыстырғанда бір жыл ішінде 
25 процент өседі. Нәрестенің сүйегі 
бірте-бірте қатайып, бірақ ол әлде де 
жұмсақ шеміршек тәрізді майысқақ 
келеді. Өйткені оның сүйегінде бор 
мен тұз қышқылы жеткіліксіздеу бо-
лады. Организмнің үздіксіз өсіп, да-
муы – өзара тығыз байланыста бола-
тын процесс. Балалардың жас ерек-
шелігіне байланысты түрлі мүшелер 
мен жүйелердің даму қарқыны бір-
дей болмайды. Мәселен, адамның сү-
йек, буын жүйелерінің дамуы жиыр-
ма жасқа таман, көз бен есіту қызме-
тінің дамуы жеті-он жас шамасында 
аяқталады.
Нәрестенің жүйке жүйесінің даму 
қарқыны да айтарлықтай болады. Ал-
ғашқыда жаңа туған нәрестеде кей-
бір шартсыз рефлекстер болады да 
(тамақ, қозғалыс, бағдар т.б.) кейін 
олар көбейе түседі. Шартты рефлек-
стер екі-үш жетіден кейін (мәселен, 
бір мезгілде емізуге байланысты реф-
лекстер) пайда бола бастайды. Екін-
ші айда баланың барлық анализатор-
ларында шартты рефлекстер жасалу-
ға мүмкіншілік туады. Мәселен, екі 
айлық бала жай суды тәтті судан, ал
үш айлық бала тәттіні тұздан, сон-
дай-ақ кейбір нәрсенің иісін ажыра-
АҚЫЛ
АЛҒА


33
та алады. Төрт айлық бала айналасы-
на көз тоқтатады, үйдегі адамдарды 
бөтен кісілерден ажырата бастайды.
Бес айда көзбен қолдың координа-
циясы (үйлесімі) қиюласады да, бала
төңірегіндегі нәрсенің бәріне ұмты-
лады, оны аузына апарады. Алты-
жеті айлық балада үлкендерге елік-
тей бастаудың элементтері (алақанын 
бір-біріне соғу, ырықты қозғалыстар 
жасау т.б.) ересектер айтқан сөздерге 
ұқсас дыбыстар шығаруы байқала-
ды. Шартты рефлекстердің анализа-
торларда пайда бола бастауымен нә-
рестелік кезең аяқталады.
Бірінші жарты жылдықта ми қабы-
ғында тежелудің барлық түрлері кө-
рінеді. Бұл жағдайдың тәрбие про-
цесі үшін ерекше маңызы бар екен-
дігі белгілі.
Жарты жастан былай қарай балада 
«Бұл не?» рефлекстері қауырт дами-
ды. Қол сипай-сезу анализаторының 
қызметін атқаруға көшеді. Мұның өзі
нәрселерді ұстай білу, отыру, еңбек-
теуге, айналасындағылармен қарым-
қатынас жасауға мүмкіндік береді. 
Олар үлкендердің сұрауларына жауап 
қайтаруға тырысады.
АЛҒЫС
– жақсылық жасағаны, іл-
типаты, қызмет көрсеткені және т.б.
үшін адамға (топқа, ұйымға) ризалық 
сезімі; өз тарапынан лайықты жауап 
беруге әзірлікпен білдіріледі. А. қо-
ғамның құлықтық тіректерінің бірі 
болып табылады. А. – жақсылықты 
жақсылықпен өтеу жөніндегі мораль-
дық талап. А. адам алғашқы қауым-
дық ұжымда өзін бөлектей бастаған 
кезде, өзара қызмет көрсету тәжірибе-
сі мүмкін болған уақытта пайда бол-
ды. А. принципі әлеуметтік-құлықтық 
императив сипатында болды: сый-
сияпат жасау міндетті деп есептеліп, 
барша жұрт тарапынан танылды. 
Бертін келе А. білдіру неғұрлым кең
мәнге ие болды: тауарлар мен қызмет 
түрлерінің өзара айырбасының эконо-
микалық және заңдық қарым-қаты-
настарына құқықпен қалыптастырыл-
маған қосымша деп саналды. Қазір-
гі уақыттағы ұғынылуында А. адам-
дардың қарым-қатынасындағы әділет-
тілік принципінің аса маңызды көрі-
нісі. А-ты жағымпаздықтан, пара-
қорлықтан, жекелей және қоғамдық 
істерді жайғастырудың өзге де мо-
ральға жат нысандарынан ажырата 
білу керек. Біреуге қатысты А. білді-
ру міндеттілігі гуманизм, патриотизм, 
адалдық және т.б. принциптеріне 
келетін жағдаяттар моральдық тұрғы-
дан неғұрлым күрделі болып шы-
ғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет