Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ (1675-1768)



Pdf көрінісі
бет28/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ (1675-1768)

әйгілі батыр, жауынгер, әскербасы-
лардың бірі. Оның ақындық таланты 
тым ерте танылып, өзінің жалынды 
жырларымен халықты жат жұрттық 
басқыншыларға қарсы күреске жігер-
лендіреді. Жырау толғауларында көш-
пенділердің өзіндік психологиясы кө-
рініс тапқан. Көшпенділер ежелден 
ақкөңіл, қонақжайлылығымен, мей-
мандостығымен баршаға мәшһүр.
Осынау ұлттық қасиет Ақтамберді 
толғауларындағы басты тақырыптар-
дың бірі. Жырау түсінігінде қазақ үшін 
байлық – мал.
Малдың еті, сүті – тамақ та, жүні, тері-
сі – киім. Мал – халқымыз үшін көш-
се көлігі, мінсе жүйрігі болғанын же-
ріне жеткізе айта келіп, жырау жас 
ұрпаққа айтқан ақыл-кеңестерінде осы 
төрт түлікті бағып-қағу үшін қалтқы-
сыз еңбек ет, малшылық кәсіпті сүй, 
жай сүюден ештеңе шықпайды, оның 
тілін, бабын таба білуің қажет дейді. 
Мал атаулының қадір-қасиетін тебіре-
не жырлаған жырау, сайып келгенде 
жастарды шаруашыл, еңбекқор болу-
ға шақырады да, оларды бірлікке, та-
тулыққа, ата-ананы сыйлауға, туған 
жерді басқыншы жаудан қорғай білу-
ге, ержүректікке, батыр болуға үндей-
ді. Өзі жөнінде бірде ойшыл ақын 
былай дейді: 
Жақынға қылман зор- 
лықты! Дұшпаннан көрген қорлығым, 
Сары бу болды жүректе, Он жетіде 
құрсанып, Қылыш ілдім білекке. Жауға 
қарай аттандым, Жеткіз деп құдай 
тілекке!
Ақындық даңқымен қатар палуан-
дық, батырлық даңқы қатар шыққан 
Ақтамберді жырау творчествосындағы 
басты мотив – жастарды ерлікке, ба-
тырлыққа баулу, оларды дұшпаннан 
именбеуге, жауды құрақша жапыратын 
шабуылға жігерлендіру. Жыраудың өз 
басында жастар өнеге алатын қасиет 
көп. Мына төмендегі жолдарда ол 
өзінің батырлық тұлғасын көрсету 
арқылы, әрбір қазақ жасы дәл осындай 
болу керек деген идеяны айтқысы ке-
леді. Енді сөзді қарт жыраудың өзіне 
берейік: 
Жауға шаптым ту байлап, 
Шепті бұздым аңғайлап, Дұшпаннан 
көрген қорлықтан, Жалынды жүрек 
қан қайнап, Ел-жұртты қорғайлап, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет