24
Ғылыми терминдік сөздерді автор-
дың таңдау тұрғысы да ерекше назар
аудартады.
Себебі белгілі бір ұғым-
ның баламасына алынып отырған
термин сол ұғымның дәл мағынасын
беруі, сондай-ақ оның келешекте қазақ
тілінде алатын тұрақты орны қандай
болмақ
деген мәселе осы тұрғының
негізгі мазмұнын белгілейді. Мәселен,
автор еңбектерінде кездесетін әсер
–
впечетление, әуестік
–
любопытство,
балалық
–
детство, тілек
–
желание,
жан қуаттары
–
душевные силы, амал
–
действие, қызмет
–
деятельность, қы-
лық
–
поведение, көңіл күй
–
нас-
троение, мағына
–
смысл, мақсат
–
цель, мейірімділік
–
гуманность, ерік
–
воля, елігу
–
влечение, еліктеу
–
под-
ражание, ұғым
–
понятие, ниет
–
на-
мерение, рух
–
дух, т.б. осы іспеттес
психологиялық ұғымдар күні бүгін-
ге дейін төл оқулықтарымызда еш
өзгеріске түспей,
ұлттық терминдер
қорының төрінен орын алып келеді.
Ж.Аймауытовтың психологиялық қи-
сындарының негізгі желісі
–
оның
өзі
тұжырымдаған мына төмендегі
қисындарға келіп саяды: «Тән қуаты
болса, жан қуаты да ажарлы болады»,
«Нашар жаннан
–
осал мінездер туа-
ды...», «Жалынды сөз, жалынды жү-
ректен шығады...», «Баланы іспен емес,
сөзбен, үлгімен, ақылмен үйреткен
адам сорлы... Адамның денесі қан-
дай мысқалдап өсіп, жетілетін болса,
пікірі де сондай, бірте-бірте жетіліп,
өркенделмек... Ерлік, қайрат үнемі ірі
жұмыста көріне бермей, күндегі уақ-
түйек жұмыста да көрінуі керек...»,
т.б. Аймауытов кітаптарының ерекше
назар аударатын тағы бір басты ерек-
шелігі
–
бұлар төл тіліміздегі тұңғыш
психологиялық дүние болумен қатар
бұрынғы Кеңес елін мекендеген түркі
тектес
халықтар тілдерінде алғаш
жарық көрген бірден-бір туындылар
екендігінде. Өйткені, қырқыншы жыл-
дарға дейін әзірбайжан, өзбек, түр-
кімен, қырғыз, қарақалпақ, башқұрт
тілдерінде
ұлттық-психологиялық
еңбектердің жарық көрмегенін ес-
керсек,
осы басылымдардың бағасы
өлшеусіз арта түседі. Әрине, осындай
өресі биік ғылыми түйіндері бар
төл туындылардың сол кездегі отан-
дық психологияның ғылыми сара жол-
ға түсе қоймағанын,
тіпті шет ай-
мақтағы Қазақстан түгіл, Орталықта-
ғы ғылым ордаларында да (Мәскеу,
Петроград, т.б.) белгілі ғалым-пси-
хологтар (К.Н.Корнилов, В.М.Бехте-
ров, П.П.Блонский, т.б.) ескі түсінік-
терден
арыла алмағанын ескерсек,
сондай қарбалас кезеңде жазылған
Аймауытов кітаптарын қазіргі ұлттық
игілікке айналдыру, тіпті оларды орыс
не еуропа тілдерінің біріне айналды-
ру
Достарыңызбен бөлісу: