Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет458/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   454   455   456   457   458   459   460   461   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ПЕДА
ПЕДА


436
Психологиялық-педагогикалық зерт-
теу нәтижелері білім беру әдістері-
мен мазмұнын құрастыру
 
кезіңде, 
оқу құралдарын жасауға, диагности-
ка
 
құралдары мен психикалық даму 
түзетімін тексеруде қолданылады. 
Педагогтың
жұмыс істеу стилі – пе-
дагогикалық үрдісте жетекшілердің 
оқушылармен қатынас жасау әдіс-
терінің жиынтығы, педагогикалық 
жұмысқа теориялық және тәжірибе-
лік дайындалудың бірлігі де П.п. қа-
растыратын мәселелерінің бірі.
ПЕДОЛОГИЯ 
– грек сөзінен алын-
ған, сөзбе-сөз аударғанда оның эти-
мологиясын «пед» (бала), «логия» 
(ілім-білім), яғни бала туралы білім 
деген мағынаны білдіреді. Яғни ол 
психология, педагогика, физиоло-
гия, биология, медицина, әлеуметтік
ғылымдардың жиынтығынан туын-
дайтын білім саласы. ХІХ ғасырдың 
аяғы мен ХХ ғасырдың басында қа-
лыптаса бастаған бала туралы ғы-
лымның үлкен бір саласы. Оның не-
гізін салған Америка ғалымы, психо-
лог Стендли Холл (1846-1924).
Оның пайда болуы эксперимент-
тік педагогика мен психологияның 
қолданбалы салаларының дамуы 
мен ғылым әлеміндегі эволюциялық 
идеяның өріс алуына байланысты 
еді. Педологиялық зерттеулер батыс 
елдерінде Дж.Болдуин, Мейман, Ре-
сейде В.М.Бехтерев, Г.И.Россолимо, 
А.П.Нечаев есімдерімен тығыз бай-
ланысты. Педологияға алғаш рет әділ
бағасын берген белгілі орыс психо-
логы, академик В.М.Бехтерев болды.
Ол 1903 жылы Санкт-Петербургтегі
Әскери академияда жүйке қызметі,
жан аурулары кафедрасын ұйымдас-
тырып, академик И.П.Павловтың шарт-
ты рефлекстер теориясымен үндесе-
тін «Қосарланған рефлекс» дейтін
ілімнің іргесін қалайды. Ғалым 1908
жылы өзі ұйымдастырған психо-
неврологиялық ғылыми-зерттеу инс-
титутының жанынан шағын педо-
логиялық ғылыми-зерттеу мекемесін 
ашады. Мұнда бала психикасының 
жалпы дамуы мен қалыптасуын ке-
шенді зерттеу мақсатында білікті 
тәрбиешілерді іріктеп, оларды зерт-
теуге қажетті құрал-жабдықтармен
қамтамасыз етіп, баланың туған күні-
нен бастап (бала туғаннан кейін 7-10 
күнде осы мекемеге қабылданған),
зерттеуге алынатын болған. Ол есей-
генге дейін осы мекеменің қамқор-
лығында болып, физиологиялық, ана-
томиялық, психологиялық тұрғыдан 
зерттеуге алынған. Мұнда баланың 
жандүниесі, оның физиологиялық, 
анатомиялық өсуімен қосарлана зерт-
телінген. Бұл бір кездегі К.Д.Ушин-
скийдің «Адам – тәрбиенің нысана-
сы» деген еңбегінде адамды туғаннан 
бастап, жан-жақты танып-білу үшін, 
оны жан-жақты зерттеу керек деген 
ойының жалғасы болып табылады.
Бала жанын жан-жақты зерттеу – пе-
дологияның ерекше көңіл бөлген мә-
селесі болды. Сөйтіп, В.М.Бехтерев 
ғылым тарихында педологияның зерт-
теу лабораториясын ашқан бірінші 
орыс ғалымы болды. Кейіннен мұн-
дай орталықтар мен бірнеше зерттеу 
орындары Брюссельде (1913), сон-
дай-ақ Еуропа мен Америкада пайда 
болды. В.М.Бехтеревтің «Тәрбие мен
даму баланы зерттеудің ең негізгі
кредосы» дейтін идеясын 1950 жыл-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   454   455   456   457   458   459   460   461   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет