ПСИХОАНАЛИз . Псхологиядағы
бағыттың негізін салған, оның тео-
риясы мен қолданбалы мәселелерін
түгел ұсынған австриялық психиатр
және психолог Зигмунд Фрейд. Пси-
хоталдау бағыты өкілдерінің бахеви-
ористерден, гештальтпсихологтардан
айырмашылығы психологияда ғылы-
ми білімді құрудың үлгісі ретінде дәл
және жаратылыстану ғылымдарына
бағдарланған жоқ, ал олар тоқырау-
дан шығудың жолын медицина және
психологияның өз шеңберінде табуға
ұмтылды.
Фрейдизм, оның негізі мынада – адам
туралы психологиялық білімді жа-
ңа өмір шындығымен толтыруға,
практикалық психологиялық, ең ал-
дымен психотерапевтік міндеттерді
шешу үшін пайдалы теорияны құру-
ға және ақпаратты қабылдауға ұм-
тылды.
Фрейд өзінің ғылыми ізденістерін
психотерапевтік тәжірибені талдау-
дан және жинақтаудан бастауы кез-
дейсоқ емес, содан кейін жинақтаған
тәжірибені психологиялық теорияға
айналдырды.
Фрейдизм негізгі ұғымдарына «сана»
және «санасыздық» немесе «бейса-
на» жатады. Психоталдау ілімінің
болашақ тағдыры және оған көзқарас
әр түрлі елдерде түрліше қалыптасты.
Алғашында Фрейдтің ең жақын шә-
кірттері мен ізбасарлары және пси-
хиатор-дәрігерлердің кейбіреулері-
нен басқалары оған өте салқын қа-
тынаста болды. Кейіннен психоталдау
бағытын жақтаушылар Германия мен
Австрияда, Еуропа мен АҚШ-та күні
бүгінге дейін кеңінен таралды.
Кеңес өкіметінің алғашқы жылда-
рында кеңес психолог-ғалымдары
оған қызығушылық танытты. Сол
кезде үстемдік еткен субьективтік
идеалистік психология бұл ілімнен
материалистік балалықтың бірден-бір
мүмкіншілігін көре білді. Кейін, 30-
жылдары, психологиялық зерттеулер-
ді шектеумен бірге («Халық ағарту
комиссариаты жүйесінде педология-
лық бұрмалаушылықтар туралы»
белгілі қаулыда) З.Фрейдтің ілімі
қатты сынға алынды. Осы қаулыдан