442
ПСИХИКАЛЫҚ АХУАЛ
– пси-
хикалық процестің динамикалық кө-
рінісі, оның нақты жағдайда қалып-
тасқан көрінісі. П.а. жеке адам мен
ұжымның бір сәттегі эмоциялық,
танымдық және мінез-құлықтық
көріністерінің жалпылама сипа-
тын білдіреді. П.а. эмоцияның даму
сатыларынан тұрады, индивидтің
түрлі психикалық қасиеттерінің (же-
ңілтектік, ұстамсыздық, ашушаңдық
сияқты) көрінісін білдіреді. Психи-
калық ахуалға сезімнің (көңіл күй,
аффект, үрей, эйфория және т.б.),
ықыластың (толғаныс, ессіздік), ерік-
тің (батылдык, жинақылық, тартын-
шақтық), ойланудың (күмәндану),
қиялдың негізгі түрлері жатады. Тө-
тенше жағдайдағы адамның пси-
хикалық ахуалы стресс ретінде қа-
былданып зерттеледі.
ПСИХИКАНЫҢ ПАЙДА БО-
ЛУЫ МЕН ДАМУЫ
– психика
органикалық материяның барлығын-
да бірдей бола беретін қасиет емес.
Ол өсімдіктер дүниесінде жоқ. Тіпті
тірі организмдердің төменгі форма-
ларынан да оны кездестіру қиын. Пси-
хика материяның жоғары форма-
ларының, жанды материяның ғана
қасиеті. Тірі материяның, төменгі түр-
леріне (мәселен, қарапайым организм-
дерге) тітіркенушілік (сыртқы тітір-
кендіргіштерге жауап бере алушы-
лық), ал оның жоғары түрлеріне сез-
гіштік (заттардың қасиеттерін бейне-
лей алу) қасиет тән. Сезгіштік – ор-
ганизмнің сыртқы ортаны түйсіне алу
қабілеті. Түйсік – тіршілік жағдайы-
на бейімделудің көрінісі. Түйсік ор-
талық жүйке жүйесі бар барлық жа-
нуарларда кездесетін психикалық құ-
былыс.
Психикалық әрекеттің дамуы жүйке
жүйесінің дамуымен шарттас. Ал
жүйке жүйесі құрылысының күрде-
лене түсуі психиканың күрделене тү-
суіне, оның жоғары формаларының
пайда болуына жағдай туғызған.
Достарыңызбен бөлісу: