441
қамтыды, олардың тиімділігін іс жү-
зінде арттыратын міндеттерді ұйым-
дастырады.
П. – кәсіптік қызметті жан-жақты
зерттейтін әдеттердің, яғни тәжіри-
белік мағлұматтарды жинақтайтын
(құжаттарды қарастыру, бақылау,
сұрастыру, эксперимент, ғұмырна-
малық және шығармашылық тәжіри-
белер), оларға сараптама жасайтын,
тәжірибелік бақылауды сапалық
тұрғыдан бағалайтын, статистикалық
мәліметтерді іріктейтін, сондай-ақ
психологиялық түсіндірменің құры-
лымдық-жүйелік және функциялық-
құрылымдык талдау тәсілдерінің
жиынтығы.
ПСИХИКА
(грек.
рsуhікоs –
жан-
күй) П. сыртқы дүниедегі заттар
мен құбылыстар әсерінен жүйке
жүйесінде пайда болатын психика
жүйке жүйесінің бар органдарының
барлығына ортақ қасиет. Психика-
ның рефлекторлық сипаты, оның
объективті жағдайға тәуелділігі, оның
рефлекторлық табиғатын тәжірибе
алуы, алғаш рет И.М.Сеченов дәлел-
деген. Адамның психикасы оның
қимыл-әрекетін реттейтін және қо-
ғамдык қатынасқа бейімдейтін жана
құрылынның – сананың негізін құ-
райды.
Осыдан адам психикасының дамуы-
ның жеке тұлғалық және әлеуметтік
заңдылығы қалыптасады П. – 1) объек-
тивті шындықты түйсік, қабылдау,
елестету, сезім, ерік, ойлау арқылы
белсенді бейнелейтін мидың жүйелі
қасиеті;
2) адамның жан дүниесінің сапалық
күйі мен сипатын жинақтайтын руха-
ни бірлестігі.
Психиканың екінші сатысында адам-
ның мінез-құлқы мен іс-әрекетін өзін-
ше ұйымдастыратын және оқиғаның
өткенін, бүгінін және болашақ күйін
реттей алатын қабілет қалыптасады.
Адам өткен оқиғаны есінде сақтайды,
бүгінгі күйін қобалжу актісімен, ал
болашақтағы мүмкін жайын үміті,
мақсаты, арманы, түс көру арқылы
жеткізе алады, П.- биологиялық эво-
люцияның жемісі және жалғасы. П.
сыртқы құбылыстар мен заттардың
көрінісін белсеңді және озық түрде
бейнелейді. Организм осы фактор
арқылы әр нәрсенің ерекшелігіне сай
қимыл-әрекет жасауға және ортаға
бейімдетуге мол мүмкіндік алады.
Негізінде П. заттық ортаның дұрыс
бейнесін және тіршілік иесінің өз
ортасында бейімделетін бағдарын
құрайды. Адам психикасы іс-әре-
кеті нәтижесін әрдайым ортаның
жағдайымен салыстыра
отырып, ин-
дивид ахуалын қайтарымды байла-
ныста ұстауға мүмкіндік алады, оның
түсінік сезімін ықшамдайды. П. жүй-
ке жүйесің тітіркендіретін әсерлі
заттың бейнесіне түрлендіреді, мінез-
құлыққа ынта-ықылас дарытады.
Психиканың рефлекторлық сипаты
оның объективті жағдайға тәуелділі-
гін, қабылдау жүйесі құрамының қи-
мыл атқару заңдылығын білдіреді.
Психиканың рефлекторлық табиға-
тын алғаш И.М.Сеченов дәлелдеді.
Адамның психикасы оның қимыл-
әрекетін реттейтіні және қоғамдық
қатынасқа бейімдейтін және құры-
лымдық-сананың негізін құрайды.
Осыдан адам психикасының дамуы-
ның жеке тұлғалық және әлеуметтік
заңдылықтары қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: