Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет468/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   464   465   466   467   468   469   470   471   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ПСИХОГЕНЕз 
(грек
.
 psyche – 
жан,
genesis
– шығу
 
тегі) – психикалық құ-
былыстардың ойдағыдай қалыпта-
суымен және науқасқа
 
ұшырағандар-
ды ілкі басталуын көрсететін ұғым. 
П. «бұрынғы психикалық процестер 
кейінгі бақылаудағы көріністердің 
қалыптасуына міндетті түрде ықпал 
етеді» деген психикалық детерми-
низм қағидасын негізге алады. П.
 
түйіні:
 
егер кездейсоқ түсініксіз кей-
бір психикалық құбылыстардың 
өзін нақылап олардың себеп-салдар 
желісін айқындай түссек, онда кез 
келген психикалық құбылыс саналы 
және санасыз күштердің қарым-
қатынасының күрделі түйіні болып 
шығады. Психикалық талдаулық әдіс
адамның балалық кезіндегі құбылма-
лы шиеленісті дұрыс түсіну, оны 
өзгерту мен алмастыру мүмкіндігін 
ашады.
ПСИХОГЕНЕТИКА 
(психо... және 
грек. geneticos-туылуына, шығу тегі-
не жататын) – 1) психикалық және
мінез-құлықтық кейбір құбылыстар-
дың тұқымқуалаушылық сипатын 
ПСИХ
ПСИХ


445
және олардың генотипке тәуелділігін 
зерттейтін ғылым саласы. П-ның не-
гізін Ф. Гальтон, Н. Жуел-Нильсон 
жәнет.б. қалады. Психогенетикалық 
жетістіктср адамның жасы келген са-
йын, оның зердесінің жеке ерекше-
лігіне генотиптің тигізер ықпалы ай-
қындалып, күшейе түсетінін көрсете-
ді. Мысалы, адамның миллиондаған 
жылдар бойы ортаға бейімделу қа-
білетінің жетілуі. оның өзгеге және 
қоғамға деген қатынастары тұлғалық 
ерекшелігінін қалыптасуы осының 
айғағы;
2) психологияның генетикамен шек-
тес саласы, психологиялық процес-
тердің генетикалық негіздерін зерт-
тейтін салааралық ғылым. Психоге-
нетиканы кейде психология саласына 
жатқызады. П. адамның жеке тұлға-
лық психологиялық ерекшелігінің 
шығу тегі мен қалыптасуын генотип
ортаның ықпалы арқылы қарасты-
рады. Ғылымда адамның психикалық 
қызметінің даму факторлары тура-
лы біржақты көзқарас қалыптасқан.
Психогенетикадағы көптеген ізденіс-
тер жоғары психикалық қызметтің 
индивидтер арасындагы әртүрлілі-
гін зият, ақыл-парасатпен салысты-
руға айрықша мән береді. Психоге-
нетикадағы тектестік дәрежесі (жал-
пы гендер саны) мен ақыл-парасат 
күйінің көптеген көрсеткіштерінің 
арасында тікелей байланыс бар екен-
дігін тапты. Адамдық, әлеуметтік фак-
торлар мен жағдайлар жеке тұлғалық
психикалық ерекшеліктерді генотип-
ке бейімдеуге ықпал етеді деген бол-
жам күшін жойған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   464   465   466   467   468   469   470   471   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет