538
ның болмауы не босаңдығы, тіршілік-
тің жаңа жағдайына бейімделуге
бастайтын ерік-жігердің болмауы.
Торығудан шығудың амалы әртүрлі:
рухани жаңарудан моральдық азуға
дейін, өмірдің қызығынан күдер
үзуден, өзін-өзі өлтіруге дейін.
Психикасы тұрақсыз жастар мен
жасөспірімдер болар-болмас сәтсіз-
діктің өзінен тез торығады. Т. сезімін
бастан кешіріген адамдарға әлеумет-
тік қолдау, психотерапевт-маман-
дардың көмегі қажет. Австриялық
психиатр Н.Франкл жасаған лого-
терапия терапиясы мен практикасы
адамдарға өмірдің мәнін қайта ұғы-
нуға көмектеседі. Былайғы тіршілік-
те торығудан арылу үшін достық
қарым-қатынас пен моральдық қолдау
жеткілікті болатын жағдайлар көп.
ТөЛЕ БИ
(1663-1756). Ұлы жүздің
төбе биі. Оның мақал-мәтелге айнал-
ған толғауларында психологиялық
мәні терең тіркестер баршылық.
(«Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді»,
«Өзің білмесең білгендерден үйрен,
үйренгеннен ештеңең кетпейді»,
«Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін»,
«Әділ болса – әкім шырақ...» «Әділдігі
болмаса әкім ит, Ақылсыз болса әйе-
лің ит, Аяңсыз болса – атың ит», «На-
данға көзіңді салма – сағың сынар,
Досыңа өтірік айтпа – сенімің кетер,
дұшпанға сырыңды айтпа – түбіңе
жетер» т.б). Төле би адам мінезінің
сан алуан жақсы, жаман қасиеттерін
де талдайды. «Жасы кіші демеңдер,
ақылы озса аға ғой...», «Ауылыңның
таңы бол, маңдайындағы бағы бол»,
«Ұқпасқа айтқан сөз жетім...», «Ба-
лаң жақсы болса, жан мен тәннің
шырағы...», «Екі досты айырған
түбінде өзі оңбайды, Өзіңнен туған
ұл мен қыз сыйламаса сол қайғы»,
«Жаңбыр болмаса – сөз жетім... Бас-
шы болмаса – ел жетім... Ұқпасқа айт-
қан сөз жетім...», «Атадан ұл туса
игі, Ата жолың қуса игі, Өзіне келер
ұятын, Өзі біліп тұрса игі, Жаудан
бұққан немені, Ортасынан қуса игі»,
«Шешендіктен не пайда, артында сө-
зі қалмаса.... Хандықтан да пайда жоқ,
қара шашын жалмаса, Молшылық-
тан пайда жоқ, шарапатты өзгертіп
надандарды алдаса т.б.
Т-ТОП
(әлеуметті-психологиялық
тренинг тобы) – әлеуметтік-психо-
логиялық тренинг жүргізетін адам-
дардың арнайы тобы. Мұндай топ-
тың мақсаты – қатысушылардың тұл-
ғааралық икемділіктер мен дағдыла-
рын дамыту, тұлғааралық қатынас-
тардың нәтижелігіне кері әсерін ти-
гізетін психологиялық кедергілерді
жою.
Достарыңызбен бөлісу: