541
лері және т.б. Т.қ. әрбір халық пен
ұлттың этностық қарым-қатынас
ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мы-
салы, қарым-қатынастың абысын-
ажын арасындағы сақина-жүзік, бі-
лезік алмасу; ер-азаматтар арасында
ер-тоқым алмасу; сауға тарту, сә-
лемдеме жолдау және т.б. түрлері
болған. Сол сияқты, ізет, құрмет,
сыйластық сезімдері де адамдар ара-
сындағы қатынастың бір түрі болып
саналады.
ТҰЛҒАЛЫҚ БЕЛГІЛЕР
– адамның
даралық ерекшеліктерін көрсететін,
психологиялық және физиологиялық
элементтерін және оның ойлауы мен
қылығын
сипаттайтын өмір бойы
қалыптасатын психофизиологиялық
жүйе. Т.б. теориясы – негізінде
«тұлғаның ерекшелік белгілері»
деген ғылыми анықталған терминді
қарастыратын тұлға теориясы. Тұлға
қасиетінің теориясы тұлға дамуының
құрылымын
;
шығу тегін, қалыптасуын
қарастырады.
ТҰЛҒАНЫҢ БАҒЫТТЫЛЫҒЫ
–
тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын
және нақты бар жағдаяттан біршама
тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер
жиынтығы. Т.б. оның мүдделерімен,
бейімдерімен, сенімдерімен, мұрат-
тарымен сипатталады және бұлар
арқылы адамның дүниетанымы бі-
лінеді. Тұлғаның дамуы – білім беру
міндеттері тұрғысынан екі мағынаға
ие: 1) тұлғаны қоғамдық өмірдің
әртүрлі саласына жауапкершілікпен
қатысуға тәрбиелейді; 2) жеке адам-
ның жан-жақты үйлесімді дамуы,
зияты, ақыл-ойы, еркі, сезімі мен
оңтайлы логикалық-эмоциялық-пси-
хологиялық
сапалары мен көзқа-
растары.
ТҰЛҒАНЫҢ ИМПЛИЦИТТІ
ТЕОРИЯСЫ
– белгілі бір адамның
даралық өмір тәжірибесіндегі тұрақ-
ты қалыптасқан, типтік жағдайлар-
дағы сыртқы белгілердің негізінде
бір-бірімен адамдардың психология-
сы мен қылығының үйлесімділігі
ретінде түсінігін белгілейтін ғылы-
ми, әлеуметтік-психологиялық ұғым.
Т.и.т. – адамдар туралы мағлұматтар
жеткіліксіз болған жағдайда, олар-
дың сыртқы пішіні, қылығы және
тұлғалық қасиеттеріне байланысты
өмірде қалыптасқан тұрақты пікірлер
туралы теория.
Достарыңызбен бөлісу: