Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет581/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   577   578   579   580   581   582   583   584   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ТҮСІ
ТҮСІ


548
гориялық ұғымдардың мәнін жете 
түсінбейтіндігі анықталған. Олар: 
«білімді» деген ұғымды тек «оқитын 
адам»; «дүние» ұғымын «байлық», 
«ақша»; «жақсылық,» ұғымын «жақ-
сы нәрсе»; «ер» ұғымын «аттың ері»
деп олардың заттың, бейнелік жақта-
рына көбірек көңіл аударады да, 
осы ұғымдардың мәнін салыстыру, 
теңестіру арқылы түсіндіріп бере 
алмайды».
Балалардың құбылыстарды түсіне 
алуында олардың сөз байлығын, сөз-
дік қорының өсіп отыруын қадағалау 
зор маңыз алады. Мұғалімнің жаңа 
сабақты түсіндірудегі методикалық 
шеберлігінің (әр ұғымды өз мәнінде 
толық түсіндіру, сөйлемдердің қыс-
қа, ықшам болып келуі, екі ұшты 
сөйлемеу т. б.) жоғары болуы бала тү-
сінігінің жақсы дамуына қатысы бар 
басты факторлардың бірі.
ТЫЙЫМ МЕН ЫРЫМ.
Тыйым 
сөздер – психологиялық мағынасы 
зор, адамды қолайсыз, зиянды әре-
кеттерден тартынуды талап ететін 
ерлі-зайыптылар мен үлкен кішінің, 
әке мен баланың, ұл мен қыздың, 
нағашы-жиеннің, ағайын-туыс, жек-
жат-жұрағаттың қарым-қатынасын 
реттестіруде өзіндік орны бар, сон-
дай-ақ денсаулық, тазалық, әртүрлі 
жағдайда тәртіп сақтау, жол-жоба, 
жөн-жосық т.б. осы секілді әдет-ғұ-
рыптарды бұлжытпай орындау мақ-
сатында пайда болған рәсім. Мәсе-
лен, дос-туыс, құда-жекжатқа ит, пы-
шақ, балта сыйламау, некелі төсек-
ке басқа адамның отырмауы, ит ас-
панға қарап ұлыса жамандық ша-
қырады деп қорқу, бос бесікті тер-
бетпеу, жас босанған әйелдің қолын 
суық суға салдырмау, қыз баланың 
қатты сөйлемеуі, кіндігін көрсетіп 
жүрмеуі, қыз-келіншектің шашын, 
аттың құйрығын кеспеу т.с.с. 
Ырымдар да психологиялық тұрғы-
дан ойлаудың қарапайым түрінен 
туындайтын наным-сенімнің бір түрі. 
Бұлар өмір сүру барысында біртін-
деп қалыптасқан этностық топқа ор-
тақ, көшпенділер санасынан орын 
алған психологиялық ерекшеліктер. 
Тыйым мен ырым этностық қауым-
дастықтағы ер мен әйелге, үлкен-кі-
шіге, ұл мен қызға т.б. осы секілді 
әртүрлі топтарға байланысты айтыл-
ған. Мәселен, бөбек психологиясы-
на байланысты бесіктің үстіне жеті 
нәрсе (шапан, кебенек, тон, жабу, жү-
ген, қамшы, бесік, көрпе) жабылады. 
Мұндағы түйін кебенек пен қамшы 
нәрестені ел қорғайтын, ер болсын 
деген ниеттен туған.
Осынау наным-сенімдердің әсіресе, 
жас ұрпақтың санасына ұлттық рух-
ты сіңіру, оның дәстүрі мен салтын, 
әдет-ғұрпын қастерлеп ардақтай бі-
луге, баланың ұлттық дүниетены-
мын қалыптастыруға да алатын орны 
ерекше. Өйткені бұлар халқымыздың 
ғасырлар бойы тірнектеп жинастыр-
ған тәліми тәжірибесінің қорытын-
дысы, ұлттық тәлім-тәрбиеміздің қай-
нар көзі мен мүмкіндігі. Бір әттеге-
найы – осындай тамаша психология-
лық жайттар күні бүгінге дейін ғы-
лыми тұрғыдан жіктелмей, бір жүйе-
ге түспей келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   577   578   579   580   581   582   583   584   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет