547
«Ахметте үш алмұрт, Хасенде екі ал-
мұрт бар. Екі балада барлығы қан-
ша алмұрт бар?» деген мәселе есеп-
ті шешуде де белгілі шығару амалын-
сыз (яғни бұл екі санды бір-біріне
қоспайынша) оның жауабы шықпай-
ды. Бұл жерде қосу аралық амалдың
қызметін атқарып отыр.
Ойлау дегеніміздің, өзі мәселені ше-
шу, оның мәнісіне түсіне білу деген
сөз. Мәселен, «Сырдария Арал теңі-
зіне құяды» деген сөйлемде ой туу-
ға негіз боларықтай себеп жоқ. Өйт-
кені бұл бұрыннан бізге белгілі нәр-
сені білдіретін хабарлы сөйлем ғана.
Ойлау қашанда белгілі қажетке бай-
ланысты адамға әзірше белгісіз жайт-
ты іздестіруден туындайды. Проб-
лемалық ситуация (жағдай) адам ой-
лауының түрткі қазығы. Бізге әзір-
ше белгісіз, ойланып-толғануды қа-
жет ететін құбылыстың бәр-бәрі
проблемалық жағдайға саяды. Мәсе-
лен, құйғытып келе жатқан жеңіл
машина кенеттен тұрып қалды дейік.
Мұндайда шофер машинасының әр
тетігін басып көріп, осы жайттың не-
ден болғанын ой жүгіртеді де, көп
ұзамай өзіне бұрыннан белгілі нәр-
сенің енді жарамсыз екендігіне көзі
жетіп, жаңа мүмкіндіктерді іздестіре
бастайды.
Адам сұрақ қою арқылы алдыңдағы
кедергіні сезеді, оны біртіндеп жоя-
ды, сөйтіп, өзінің әр түрлі тану қы-
зығуларына жауап алады. Сұрақ қою,
оны дәл тұжырымдау, мәселені «ойда
ұстай білу» сұрақты талдай білу және
жинақтау, шығару тәсілі мен амалдың
орталық түйінін табу, жорамалдар
жасай білу т.б. ойлау процесінде мә-
селелерді шешу үшін аса қажетті жағ-
дайлар болып табылады.
Төменгі сынып оқушыларында та-
нуға негізделген тікелей түсінулер
байқалады. Бұл тікелей түсінулер –
заттарды тікелей қабылдаудан туған
түсінулер. Егер зат баланың өткен
тәжірибесінде болмаған болса, оны
бірден түсіну қиынға соғады. Түсіну
үшін оны алдымен жан-жағынан
жақсылап қабылдап алу қажет. Жа-
нама түсіну – жаңа затты, құбылысты
белгілі ұғымға жанастыра барып тү-
сіну деген сөз. Баланың сыртқы дү-
ниенің, сан қилы сырларын түсіне
алуы жанама түсінулер арқылы ғана
жүзеге асады. Бір нәрсенің мәніне
түсіну үшін жай тану жеткіліксіз,
оған қоса, оның себебін, яғни не-
ліктен осылай болып тұрғанын білу
керек. Мектеп жағдайында кейбір
оқушылардың оқыған әңгімесін,
грамматикалық, математикалық ере-
желерді дұрыс түсіне алмайтын фак-
тілері жиі кездеседі.
Мұғалімдер көбінесе баланың әр жа-
ңа материалды не себептен түсінбей
қалатынын кезінде талдау жасап отыр-
майды. Бала ойлауы үнемі кедергісіз
жүріп отыратын процесс емес, ол кей-
де құбылыстарды толық бейнелей
алмайды, тіпті қателіктер де жібереді,
бірде білмегенің екіншіде біледі.
Міне, осы жайларды мұғалім асқан
байсалдылықпен ескеріп отыруы
тиіс. Сондықтан жаңа сабақты бірден
түсіне алмай қалған оқушыларды
ұғымы төмен деп кінәлаудың өзі пе-
дагогикалық тұрғыдан дұрыс бол-
майды.
Төменгі класс оқушыларының ойла-
уы негізінде нақтылы келетіндіктен,
олар көп нәрселерді өз қалпында тү-
сінуге бой ұрады. Мәселен, бір зерт-
теуде үшінші кластағылардың алле-
Достарыңызбен бөлісу: