Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет579/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   575   576   577   578   579   580   581   582   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ТҮСІНУ. 
Адамның ойлау әреке-
тінде шындықтағы заттар мен құ-
былыстардың негізгі қасиеттеріне, 
ерекше белгілеріне, мәніне түсіне 
білудің маңызы зор. Түсіну арқылы 
ғана біз айналамыздағы заттардың 
себеп-салдарды байланыстарын, бір-
біріне тәуелділігінің шығу тегі мен 
даму жолын ажыратамыз. Түсінудің 
басы – шындықтағы заттар мен құ-
былыстарға танысудан, көріп, білуден 
басталады. Өйткені қандай нәрсені 
болмасын «ұғыну үшін, ұғынуды, 
зерттеуді эмпириялық жолмен бас-
тау» қажет.
Түсіну күрделі ой жұмысын керек 
етеді. Мәселен, «Бұл не нәрсе?» деп
сұрақ қоюдың өзі де түсінудің қара-
пайым формасы, ал «Бұл қалай және 
қашан пайда болған?», «Бұл не үшін 
жасалынады?» деген сұрақтарға жа-
уап беру арқылы шындықтағы құбы-
лыстардың негізгі белгілерін, олар-
дың байланыстарын ашып, түсіну 
қабілетімізді білдіреміз.
Заттар мен құбылыстардың тек ішкі 
мәніне түсінудің арқасында ғана түр-
лі амал-әрекеттің себебін, олардың
бір-бірімен байланысын, ішкі маз-
мұнын, яғни ғылымның тұжырымда-
рын аңғарамыз. Бұл айтылғандармен 
бірге түсіну сан алуан құбылыстың 
бөліктері мен ұсақ-түйектерін айы-
руда, басқа біреудің сөзінің мәнін 
ұғуда да (мәселен, интонация, пауза, 
метафора, әзіл, қалжың т.б.) ерекше 
көрінеді. Бірақ барлық жағдайда да 
дұрыс түсіну үшін адамға білім қо-
ры, дағды, іскерлік қажет.
Түсіну сөз арқылы берілетіндіктен 
түрліше формаларда тұжырымдала-
ды. (Түсіну қысқаша, жалпы, кең, де-
тальді т.б. болып келуі мүмкін) Тү-
сінудің бұлай түрліше болып келуі 
адамның алдына қойған мақсатын, 
жеке психологиялық ерекшеліктері-
не, ана тілінің ішкі заңдылықтарын 
білуіне, сол адамның сөзі мен ісіне 
байланысты болады. Бір нәрсеге дұ-
рыс түсінгендіктің көрінісі – сол ма-
териалды өз сөзімен түрлендіріп ай-
тып, іс жүзінде орындап көрсету бо-
лып табылады.
Түсіну екіге бөлінеді: оның бірінші 
түрі – тікелей түсіну. Тікелей түсіну 
жанама түрде ой операцияларын ке-
рек етпейтін, қабылдауға ұқсас про-
цесс. Мәселен, бізге жақсы таныс сөз-
дер, сөйлемдер, белгілі құбылыстар, 
адамдардың қылықтары т. б.
Түсінудің екінші түрі – жанама тү-
сіну. Жанама түсіну бірнеше ара-
лық, басқыштардан тұратын, ой опе-
рацияларын керек ететін, көмескі 
нәрсені анық, айқын етіп бейнелеуде 
бірнеше ой түйіндерін талап ететін 
процесс. Жанама түсінуде сұрақ қою-
дан басталатындығын, сұрақ пен жа-
уап табудың арасында аралық түйін-
дер бар екендігін, осы аралық тү-
йіндерді табу жаңа мәселені шешу-
дің кілті екендігін атап өтуіміз қажет. 
Тіпті, қарапайым есептің өзінде де 
осы жолды көруге болады. Мәселен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   575   576   577   578   579   580   581   582   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет